Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан Республикасының Конституциясына – 30 жыл

Қазақстан Республикасының Конституциясына – 30 жыл

2025 жылы Қазақстан Республикасы өзінің басты құқықтық құжаты – Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толуын атап өтуде. 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған Конституция еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы дамуының берік тірегіне, саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің негізіне айналды.
Қазақстан Конституциясы мемлекеттің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік сипатын айқындап, адам мен азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтарын ең жоғары құндылық ретінде бекітті. Оның қабылдануы жас мемлекет үшін жаңа саяси-экономикалық модельдің қалыптасуына, мемлекеттік билік тармақтарының бөлінуіне, нарықтық қатынастардың орнығуына жол ашты.
Осы жылдар ішінде Конституция қоғамдық өзгерістерге сай жетілдіріліп, бірнеше рет реформаланды. Әрбір өзгеріс еліміздің саяси жүйесін жаңғыртуға, билік институттарының тиімділігін арттыруға және азаматтардың қатысуын кеңейтуге бағытталды.
Конституция тек құқықтық құжат емес, ол – ел бірлігінің, ортақ мақсатқа ұмтылудың символы. Онда Қазақстан халқының бейбітшілікке, тұрақтылыққа, өзара құрметке негізделген құндылықтары көрініс тапқан. Бүгінгі буын үшін де, келер ұрпақ үшін де Конституция еліміздің тәуелсіздік тұғырын нығайтатын ең маңызды негіз болып қала береді.
Конституцияның 30 жылдығы – өткенге көз жүгіртіп, қол жеткізген жетістіктерді саралайтын, болашаққа сеніммен қадам басуға мүмкіндік беретін маңызды белес. Қазақстан халқы Ата Заңға құрметпен қарап, оның талаптарын сақтау арқылы тұрақты және әділетті қоғам құруға үлес қоса береді.
Асхат Ғаниұлы,
Қазалы аудандық соты
әкімшісінің жетекші маманы 
27 қараша 2025 ж. 22 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930