Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жер заңнамасы талаптары талқыланды

Жер заңнамасы талаптары талқыланды

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен облыстық прокуратураның жергілікті атқарушы органдармен жер заңнамасының сақталуына жүргізілген тексеру нәтижелерін қарау бойынша алқа отырысы өтті. Жиынға барлық құқық қорғау органдарының бірінші басшылары және мүдделі мемлекеттік органдардың жетекшілері қатысты.
Облыс орталығында өткен жиыннан кейін аудан әкімі Алмасбек Есмаханов арнайы мәжіліс өткізіп, күн тәртібіне қаралған мәселе бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Мәжіліске аудан прокурорының орынбасары Биқожа Жұмаш мен жауапты сала басшылары қатысты.
Мәжіліс барысында аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Еркін Сейтов аудандағы пайдаланылмай жатқан немесе заң талаптарына сәйкес игерілмеген жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару, жер учаскесін табыстаудағы кезектілік тәртібі, жерді меншіктеу, кәсіпкерлік мақсаттағы және бағбандық үшін жер учаскелерін табыстау мәселесі бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
2025 жылдың 1 желтоқсан айына дейін мемлекет меншігіне қайтарылатын ауыл шаруашылығы жерлердің аудандар бөлінісіндегі жоспары бекітіліп, Қазалы ауданы бойынша 10 000 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылу қажет болса, бүгінгі таңда ауданда 32 тұлғадан жалпы көлемі 11770 гектар болатын жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылған.
Мәжілісте аудан әкімі Алмасбек Әбілқасымұлы кейбір ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің нысаналы мақсатына сай қолданылмай жатқаны, кей кәсіпкерлік бағыттағы телімдердің ұзақ уақыт бос тұрғаны– жер ресурстарын тиімді пайдаланбау ғана емес, заң бұзушылық болып саналатындығын жеткізді.
Осыған орай, аудан басшысы жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріп, алдағы уақытта жер ресурстарын тиімді пайдалану, жеке тұрғын үй құрылысына жер бөлу кезекгін реттеу, заңсыз иеленген жерлерді түгендеу және саладағы ашықтықты қамтамасыз ету және бақылауды күшейту қажеттігі атап өтті. Сондай-ақ, жер – елдің ортақ байлығы, оны тиімді әрі заңды негізде пайдалану – басты міндет екені ескертті.
27 қараша 2025 ж. 112 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930