Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайластықпен күрес күшейтіледі

Сыбайластықпен күрес күшейтіледі

   Аудан әкімдігінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өткізілді. Оған мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Абзал Мұхимов және департамент қызметкерлері, қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.
  Кеңес отырысында аудан әкімінің орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Әлімжан Жарылқағанов Қазалы ауданы әкімдігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу шаралары жөнінде, аппарат басшысы Нұрғиса Жалғасбаев аудан көлемінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
  Қазақстан Республикасының 2015-2025 жыл¬дарға арналған сыбайлас жем¬қорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру аясында аудан бойынша сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында іс-шаралар жоспары бекітіліп, тиісті жұмыстар жүргізіліп келеді. Әдеп жөніндегі уәкіл Әлімжан Мұратбайұлының мәлімдеуінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстарының жариялылығын қамта¬масыз ету және тұрғындарды сыбайлас жемқорлықтың көріністерін анықтауға бағытталған шаралармен хабардар ету үшін аудан әкімдігінің веб-сайты, фейсбук парақшасы кеңінен пайдаланылады. «Сенім телефоны», жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарына арналған пошта жәшігі жұмыс істейді. Бекітілген кестеге сәйкес апта сайын азаматтармен жеке қабылдау өткізіледі. Бүгінге дейін 121 адам қабылданған.
  Мемлекеттік басқару органдарына сенімді арттыру мақсатында аудан басшылығының тұрғындармен кездесуі дәстүрге айналған. Онда оларды толғандырып жүрген проблемаларды шешу жолдары қарастырылады. Сондай-ақ, тоқсан сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аудандық комиссия отырысы өткізіліп, мемлекеттік орган басшыларының есептері тыңдалады. Бұдан бөлек, «Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша қоғамдық кеңесі тұрақты жұмыс жүргізеді.
  – Жыл басынан бері жергілікті баспасөзде 21 мақала жарияланды. Қоғамдық ұйымдардың қатысуымен 12 рет дөңгелек үстел, 22 рет халықпен кездесу болды. Білім беру ұйымдарында тренингтік сабақтар өтті. «Парасыз болашаққа, Бірге!» ұранымен құрылған мобильдік топ еңбек ұжымдарында өз жұмыстарын жүргізуде. Жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбындағы арнайы билбордтар ілінді.
  «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жем¬қорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес аудан әкімінің өкімі¬мен Қазалы ауданы әкімдігі жанынан арнайы мониторингтік топ құрылып, жұмыс атқаруда, – деді Ә.Жарылқағанов.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
18 мамыр 2019 ж. 1 363 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930