Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақымақтық – жұқпалы ауру

Ақымақтық – жұқпалы ауру

«Ақымақтық бейне бір жұқпалы аурудай» деген сөз Шекспирден қалған. Ол адам бойында уақытша орын алатын құбылыс, сәбилік шикілікке балауға да болады. Дегенмен одан көп зардап шегетін адамдар да бар, өзіне ғана емес, айналасындағы адамдарға да зиянын тигізіп жүреді. Одан арылу үшін неден пайда болатынын анықтайық.
Ақымақтың әр сөзі өзі туралы. Кез келген қарым қатынас диалогқа құрылады, бұл ақпарат алмасудың бір түрі. Ақпаратты өндіру емес, алмасу. Кейде өткен шақтан бір оқиға айтқың келеді. Бірақ айтарың сөз болып жатқан жайға қатысы еш жоқ болса, еріксіз ақымақтар қатарына қосыласыз. Өмірден сабақ алу үшін сөйлеуге қарағанда тыңдаудың десі басым екенін біле тұра ескермейтін адам туралы басқа не деуге болады?! Аузымен орақ оратын «ақылдылар» көп, сіз олардың қатарын толтырмаңыз. Ақымаққа бәрі қауіпті. «Ана жаққа бармаймын, онда бәленше бар». «Оны да істемеймін, түген жағдай болып қалуы мүмкін». «Сақтансаң, сақтаймын» дейді, бірақ үнемі жайлы да қауіпсіз жер іздеу беруден өмір қызықсыз болып кетеді. Әр тірі пенде өсуге, дамуға талпынады. Барлығын байқап көру керек, әйтпесе жетілмейсіз. Қорқыныштарыңызбен оңаша отырып сөйлесіңіз: ол неден пайда болды, қалай құтылуға болады? Өзіңіз батылыңыз жетпесе, біреудің көмегіне жүгініңіз. Өмірдің тізгінін қорқынышқа беріп қою – нағыз ақымақтық.
Ақымақ үшін өмір тек ақ пен қара түстен құралады. Ол құбылысты, затты, адамды тек жақсы-жаман, ақылды-ақымақ деп бөледі. Әр адамның, әр істің ешкім білмейтін сыры, өз тарихы болады. Соған үңілмей жатып, сыртынан тон пішу де ақымақтың бір белгісі. Көп ішінде тек өзі шулап жүреді. Елестетіңіз. Тыныш кафе. Біреу ноутбукпен жұмыс істеп отыр. Енді біреулер романтикалық кеш жасап, сырласып отыр. Осындай жанға жайлы орында ара-тұра жағымсыз саңқылдаған күлкі мен даурыққан дауыс шығады. Бұл – сол ақымақ. Көпшілік ортада өзіңді ұстай алмау да ақымақтың әрекеті. Ол қарсы алдындағы адамның жай-күйін елемейді. Сөйлесіп отырған кісісі шаршады ма, әңгіме жалықтырды ма, тысқа шыққысы келді ме – мұнда жұмысы болмайды. Ол өзін он сегіз километрден шанамен сүйреп келе жатқан анасының шаршағанын түсінбейтін балаға ұқсайды. Тіпті осы қылығына ренжіген адамның өзін айыпты етіп шығарады. Өз ойына күмән келтірмейді. Үнемі менікі ғана дұрыс деу – барып тұрған ақымақтық. «Өзің білме, білгеннің тілін алма» деген қарғыстың ең жаман түрі дейді үлкендер. Ешкімнің сөзін құлаққа ілмеудің соңы жарға апарып құлатуы да ғажап емес. Бұл жазба адамды «Мен ақымақ екенмін» деген ойда қалдыру үшін емес, бойдағы кемшіліктермен күресуге бағыттау мақсатында жазылды. Мұндай жайлар барлығымызда да болады.
Massaget.kz

08 ақпан 2018 ж. 2 758 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 88

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930