Біз цифрлық зорлық-зомбылыққа қарсымыз
Қоғам дамыған сайын технология да тез өзгеріп келеді. Интернет ,әлеуметтік желілер күнделікті өміріміздің бір бөлігі. Бірақ осы мүмкіндіктермен бірге жаңа қауіптер де пайда болды.Солардың бірі цифрлық зорлық-зомбылық. Бұл біреуді интернет арқылы қорқыту, тіл тигізу, рұқсатынсыз суретін тарату, жеке өміріне қол сұғу сияқты жағымсыз әрекеттер.

Цифрлық зорлық-зомбылық – интернеттегі қысымның бір түрі. Интернетте біреуді қорлау, жалған ақпарат тарату немесе жеке мәліметін рұқсатсыз пайдалану адамға үлкен зиян тигізеді. Сондықтан бәріміз онлайн ортада сыпайы болуымыз керек. Егер мұндай жағдайға тап болсаң, сенімді ересек адамға айту өте маңызды.
Қауіпсіз интернет – бәріміздің қолымызда.
Бекзада МАХАНБЕДИЯР,
Мұстафа Матаев атындағы
№170 орта мектебінің
10 Б сынып оқушысы














