Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда бірқатар жолда қозғалыс режимі өзгерді

Қазақстанда бірқатар жолда қозғалыс режимі өзгерді

Фото: ҚазАвтоЖол
«ҚазАвтоЖол» республикалық автожолдардың кей бағыттарында қозғалыс тәртібі жаңартылғанын хабарлап отыр.
Бірқатар өңірде шектеулер жеңілдетілсе, кей жолдарда қозғалысқа әлі де толық тыйым салынған.

Солтүстік Қазақстан облысындағы «Тимирязево – Сарыкөл – облыс шекарасы» автожолының 0–30 шақырымында (Қостанай облысы шекарасы – Тимирязево ауылы) бұрын енгізілген барлық көлік түріне қозғалысқа тыйым алынды. Енді бұл учаскеде шектеу тек жүк көліктері мен қоғамдық көлікке ғана сақталады.

Павлодар облысында «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолында (Қалқаман елді мекеніне кіреберіс пен Астанаға шығатын бағыт) барлық көлік түріне уақытша шектеу қойылды.

Альтернативті бағыттар:
Қалқаманнан Астанаға – Береке «Қалқаман – Ақсу» көлік айрығы арқылы (6 км);
Павлодардан Қалқаманға – «Баянауыл» көлік айрығы арқылы.
Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы уақытша тоқтатылды. Шектеу «Өскемен – Алтай – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 46–66 шақырымында (Северное – Серебрянск) сақталады.
28 қараша 2025 ж. 41 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930