Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Қазалы аудандық полиция бөлімінде Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне, қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адамдардың құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында жиын өтті.
Жиынға аудандық полиция бөлімі басшылығы мен полиция инспекторлары, учаскелік полиция қызметкерлері, пробация есебіндегі сотталған азаматтар қатысты.
Аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Еркебұлан Жүрсінбаев Заңнамаға енгізілген өзгерістердің әр тармақтарына жеке тоқтап, өзгертулердің жаңа нұсқаларын түсіндірді. Өзгерістер мен толықтырулар туралы қатысушыларға жан-жақты айтып берді.
Одан соң пробация қызметі, учаскелік полиция қызметкерлері пробация есебінде тұрған бірнеше азаматтың тұрғылықты мекен-жайына барып, жағдайларымен танысты.
Сонымен қатар, азаматтардың отбасы мүшелерімен сөйлесіп, қажет болған жағдайда тиісті мекемелер тарапынан қандай да болмасын құқықтық, әлеуметтік, медициналық көмектер берілетіндігі жайында түсіндірді.
14 ақпан 2020 ж. 1 346 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031