Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудандық сотта кейбір заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді

Аудандық сотта кейбір заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді

Қазалы аудандық сотында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын талқылау бойынша семинар өтті. Іс-шараға судьялар, прокуратура, нотариаттық палата өкілдері, жеке сот орындаушылары қатысты.

Семинар жұмысын аша келе, аудандық сот төрағасы Дидар Мұратбекұлы осы Заңның кейбір ережелері 2019 жылдың 3 ақпанынан бастап, ал сот орындаушыларының әрекеттерін санкциялау бойынша ережелер ағымдағы жылдың 24 сәуірінен бастап күшіне енетінін айтты.

Сонымен қатар, ол АПК-нің жеңілдетілген іс жүргізудің екі санаты ғана қалатынын, қалғандары бұйрықтық іс жүргізу санатында қаралатынын жеткізді. Сонымен қатар бұйрықтық іс жүргізу талаптарының жартысын нотариатқа беру мәселелеріне де тоқталып өтті.

Бұл өзгерістер азаматтар үшін қолайлы және соттардағы жүктемені азайту арқылы судьялардың назарын шын мәнінде күрделі дауларға аударуға мүмкіндік береді.

Семинар соңында заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар кеңінен түсіндіріліп барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.
Қазалы аудандық сотының баспасөз қызметі
31 қаңтар 2019 ж. 2 354 0

Таңғажайып түн

19 мамыр 2025 ж. 49

Таңғаларлық операция

18 мамыр 2025 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031