Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл Қазақстанда 80-ге жуық ақындар айтысы өтеді

Биыл Қазақстанда 80-ге жуық ақындар айтысы өтеді

Олардың үшеуі – халықаралық, жиырма бірі – республикалық деңгейде.

2020 жылғы маусым Абайдың 175 жылдығына арналған "Адамзаттың алыбы – хакім Абай" атты республикалық ақындар айтысымен ашылады. 8 ақпанда Нұр-Сұлтандағы "Астана" концерт залында өтетін бұл айтысқа 16 ақын қатысады, олардың өнеріне 7 адамнан тұратын қазылар алқасы баға береді.
Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының төрағасы Жүрсін Ерман айтыстың жаңа ережесі бекітілгенін айтты.


"Оған сәйкес, ақындар халық алдында жұпталады. Бұл олардың алдын ала дайындалған жаттанды мәтіндерді қолданбай, айтыстың суырып салма қасиетін жаңғыртуына мүмкіндік береді деген үміттеміз", – деді Жүрсін Ерман.
Nur Otan партиясы саяси жұмыс департаментінің директоры Ерлан Қарабалаев биыл Абайдың 175 жылдығына арналған 21 айтыс өтетінін хабарлады.
"Оның ішінде халықаралық деңгейдегі "Адамзаттың алыбы" айтысы тамыз айында Семей қаласында өтеді", – деді Қарабалаев.
Одан бөлек, биыл әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай 3, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай 5 айтыс өткізу жоспарланған. Айтыс маусымы жыл аяғында Қазақстанның тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылатын "Алтын домбыра" айтысымен қорытындыланады.
09 ақпан 2020 ж. 1 179 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 32

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930