Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Бұл қорлау ғой": Сапарбаев қазақстандық әншілерді сынға алды

"Бұл қорлау ғой": Сапарбаев қазақстандық әншілерді сынға алды

Вице-премьер мәдениет министрлігіне әкімшілік ресурстарды пайдаланып, әкімдіктермен бірге жастарды театр мен кітапханаға "тартуды" тапсырды.

"Әннің тәрбиелік мәні болуы керек. Шығарма Отанды, ұлтты сүюге баулуы тиіс. Шәмшінің әндері неге өлмейді? Өйткені әр әнінің терең мағынасы бар", - деп атап өтті вице-премьер.

Осы ретте Сапарбаев қазіргі әндерге көңілі толмайтынын жеткізді.

"Фонограмма жайлы да талай айттық. Соңғы кездері қобыз бен домбыраны фонограммаға қойып тартатын болды. Бұл музыка аспаптарын қорлау ғой. Қобыздың да, домбыраның да өз үні болады емес пе? Мына заманда тәрбие беру ісінің маңызы зор. Өнердің осы жағына көңіл бөлмесек, соңы жақсы болмайды", - деп толықтырды ол.

Сонымен қатар, Бердібек Сапарбаев мәдениет министрлігі басшылығының назарын кино саласындағы проблемаларға аударды. Оның пікірінше, еліміздің киноэкраны мағынасыз картиналарға толған.


31 қаңтар 2020 ж. 610 0

Түркияда жер сілкінді

27 қазан 2025 ж. 140

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031