Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бердібек Сапарбаев Сыр жұртшылығымен кездесті

Бердібек Сапарбаев Сыр жұртшылығымен кездесті

Облыс орталығындағы Достық үйінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Сыр жұртшылығымен кездесті.
Кездесу барысында халыққа ҚР Президентінің Жолдауынан туындайтын міндеттер мен алдағы жоспарлар туралы баяндады. Өз сөзінде Бердібек Мәшбекұлы мемлекет тарапынан 
әлеуметтік салаларға қолдау көрсетіліп жатқандығын жеткізді.
"2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттен төленетін жәрдемақы алу тәртібі өзгереді. Яғни, көп балалы отбасыларға әлеуметтік жәрдемақы 4 оданда көп кәмелеттік жасқа толмаған баласы бар отбасыға төленеді",- деді Вице-Премьер.
Сонымен қатар, Б.Сапарбаев ұстаздардың мәртебесі, білім саласының сапасы, материалдық-техникалық базалардың жаңаруы және басқа да өзекті мәселелер жайында сөз қозғады.
Одан бөлек, Бердібек Мәшбекұлы медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру керектігін айтып, дәрігерлердің білімін жетілдіру қажеттігіне тоқталды.
Өңірлік Коммуникациялар Қызметі

28 қазан 2019 ж. 637 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930