Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұғалім мәртебесі – маңызды мәселе

Мұғалім мәртебесі – маңызды мәселе

Кездесуге аудан активі, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, мекеме-кәсіпорын басшылары, білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік сала қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты. Жиынды ашқан аудан әкімі М.Нәлхожаұлы 2019 жылы елімізде өткен са-яси оқиғалардың маңыздылығына тоқталды.
– Өздеріңізге белгілі, Елбасы, Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаев өз өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтатып, Президент ла-уазымына Қасым-Жомарт Тоқаев келді. 2019 жылдың екінші қыркүйегінде Мемлекет бас-шысы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Республика Президенті ретінде халыққа алғашқы Жолдауын жариялады. Онда ішкі саяси мәселелер, мемлекеттік институттардың рөлін нығайту, азаматтық құқықтар мен бостандықтарын қорғау, эко-номиканы жаңғырту, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру мәселелеріне ерек-ше мән берілді. Сондай-ақ қоғамдағы өзекті мәселелерге байланысты арнайы заң қабылдауды тапсырған болатын, – дей келе аталмыш жиынның да басты тақырыбы осы мәселелер төңірегінде өрбитінін айтты.
Кездесуде ҚР Парламент Сенатының әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Мұрат Бақтиярұлы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Парламент қабырғасында атқарылып жатқан жұмыстар, қабылданған заңдар мен алдағы уақытта депутаттар назары-на ұсынылатын жобалар төңірегінде кеңінен әңгімеледі. Әсіресе халық қалаулысы жақында ғана қабылданған «Педагог мәртебесі туралы» заңға ерекше тоқталды.
– Өткен жылы Сенатта 83-ке жуық заң қабылданды. Оның ішінде мұғалімдерге байланысты «Педагог мәртебесі» туралы заң қаралды. Барлығы ұстаздардың ұсыныстары мен талап-тілектері бойынша жаса-лынды. Жалпы «Педагог мәртебесі» дегенді белгілі бір заңмен анықтау өте қиын. Бірақ оның қоғамдағы маңызын белгілеу керек. Мәселен, «мектептің жүрегі» саналатын ұстаздарға қандай жұмыс тиесілі, нендей жұмыс тиесілі емес деген сұрақтың шешімін табу. Егер мұғалімдер өз міндеттеріне жатпайтын іске әкімшілік, лауазымды тұлғалар тарапынан тартылған болса, белгілі бір түрде әкімшілік жазаға тартылады. Екінші мәрте қайталанса, олардың жазасы да қиындай түседі. Бұл – мұғалімдер өздеріне тиесілі жұмыспен айналыссын деген оймен айтылған.
Сонымен қатар «Педагог мәртебесі» туралы заңда мұғалімнің материалдық жағдайын көтеруге де басымдық берілді. Себебі, қоғамда көп салаға қарағанда олардың жалақысы төмен. Сондықтан білім ошағына жақсы мамандар келе бермейді. Оларды әкелу үшін міндетті түрде қаржы керек. 2020 жылы мұғалімдердің айлығын 25 процентке арттыру көзделуде. Ал алдағы үш жылда екі есеге көбейту жоспарланған. Мұнымен қоса көп жыл еңбек еткен, олимпиада жүлдегерлерін дайындаған, жоғары жетістікке жеткен ұстазды ынталандыру мақсатында сыйақы беру де заңда көрсетілген. Жас мамандардың үй алуына, жәрдемақыға қол жеткізуге, бірінші кезекте солардың балаларын балабақшаға қабылдау, магистратура бітірген жағдайда айлығын көтеру, барлығы осы заңда
қамтылды, – деді сенат депутаты М.Бақтиярұлы.
Сонымен қатар жерлесіміз Дана Нұржігіт әлеуметтік мәселелер, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы, міндетті әлеуметтік
медициналық сақтандыру, атаулы әлеуметтік көмек жүйесіне енгізілген өзгерістер жөнінде түсіндірме жасады.
Жиынға қатысқан білім саласы қызметкерлері мен ардагерлерінің сұрақтарына Парламент Сенатының депутаттары Бекмырза Елама-нов, Мұрат Бақтиярұлы және Дана Нұржігіт жауап беріп, өздерінің ой-пікірлерін білдірді. Басқосуда аудан әкімі Мұрат Ергешбаев ауданға арнайы жұмыс сапа-рымен келген депутаттарға алғысын жеткізді. Сенат депутаттары Қазалы ауданына жұмыс сапары барысында «Сыр маржаны» ЖШС-ның мал бордақылау алаңының жұмысын көріп, Ақтан батыр ауылындағы орталық саябақ, Сырдария өзеніндегі «Әлсейіт» көпірімен танысты. Әйтеке би кентіндегі аудандық мекемелер үйінде
аудан әкімі Мұрат Ергешбаев Сенат депутаттарына «Ашық әкімдік» жобасы аясында жұмыс істейтін кабинеттерді таныс-тырды.
Есет ТАБЫНБАЕВ

13 қаңтар 2020 ж. 954 0

Отаныңа қызмет ет!

09 мамыр 2025 ж. 133

Қимылдаған, қыр асады

08 мамыр 2025 ж. 122

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031