Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әкесін емдету үшін: 12 жасар бала тұрмыстық техникалар жасап жүр

Әкесін емдету үшін: 12 жасар бала тұрмыстық техникалар жасап жүр

Қарағанды облысында 12 жастағы бала тұрмыстық техникаларды жөндейді. Тапқан қыржысын жарым жан әкесінің еміне жинап жүр. Нұра ауданының Қараой ауылында тұратын Нұрасыл теледидар, компьютер тіпті ұялы телефонды да жөндей алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Астана» арнасына сілтеме жасап.

Нұрасыл техникаға ерте әуестеніпті. Жастайынан сал ауруына шалдыққан әкесіне қолғабыс жасап жүріп, электрониканың тілін меңгеріп алған. Ауыл тұрғындары бұзылып қалған теледидарлары мен тоңазытқыштарын, қалта телефондарын да жөндетіп алады. Әкесі ауыр сырқатына қарамастан үйден шеберхана ашып, отбасын асырап келген. Алайда былтыр көлік апатына түсіп, артынша қолы мүлде икемге келмей қалыпты. Ауыртпалық отбасының үлкені 12 жастағы Нұрасылға түсті.
«Жас күнімде әкеммен бірге телевизор істеуге көмектестім. Әкем сосын жол апатына түсті, сосын әкемнің орнына мен тұрдым. Әкеме еміне ақша жинаймын деп әкеммен бірге жұмыс істедім», – деді шебер бала Нұрасыл Несіпбай.
Нұрасылдың өзіне де бұл жұмыс үнайды. Соған қарамастан сабақтан тыс уақытта ғана айналысатынын айтты. Ал, мүгедек әке ұлынан мұндай ерлікті күтпепті. Алғашында таң қалған. Қиындыққа мойымайтын 45 жастағы Дос Төлегенов: өзіне бала күнінде дәрігерлер ақыл-есі кем деген диагноз қойғанын айтады. Алайда өзінің есті екенін дәлелдеу үшін еңбек етіп, отбасын құрған. Қазір 3 баласы бар.
«Төрт телевизор істеп қойыпты үйге келсем, клиенттер довольный бәрі мәз, кейбіреу қорқады бала істеп жатыр деп. Жақсы істейді балам, қуаныштымын. Желание дейді ғой, желание болса болды ғой. Ұлымда желаниесі мықты. Интернеттен бірдеңе көреді, папа мынадай пояльник болады электрический болттарды бұрайтын дейді, алып берем бәрін», – деді Қарағанды облысы Нұра ауданы Қараой ауылының тұрғыны Дос Төлегенов.
Нұрасылдың шеберлігін ауылдастарынан бөлек, көрші елді- мекен тұрғындары мойындап келеді. Оған бұзылған техникаларын көптеп әкелуі себеп деді. Жеткіншектің табысы жа жаман емес. Шамамен 100 мың теңгеге жуық пайда табады. Табысын әкесінің еміне жұмсап жүр. Жас шебердің мақсаты- әкесін сауықтыру, ал әкесі баласының шеберханасын кеңейтуді армандайды.
12 қаңтар 2020 ж. 756 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930