Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 6 жасар қыз анасы кетіп қалған соң сал болып қалған әкесінің күтіміне өзі қарап жүр

6 жасар қыз анасы кетіп қалған соң сал болып қалған әкесінің күтіміне өзі қарап жүр

Қытайда 6 жасар қыз сал болып қалған әкесіне өзі қарап отыр. Анасы күйеуінің күтіміне қарамай кетіп қалған.
Қытайлық азамат Тянь Хайчэн 2016 жылдың наурыз айында сал болып қалды. Ол таксиге отырғанда жол апатына ұшыраған. Төменгі бөлігі мүлде істемей қалды. Екі жарым айдан соң әйелі үлкен ұлын алып кетіп қалды. Ол анасына барып келетінін айтқан. Алайда қайта оралмаған. Ерлі зайыпты заңды түрде ажырасқан жоқ. Әкесінің күтіміне 6 жасар қызы қарап отыр.
Бүлдіршін күн сайын таңғы сағат 6-да тұрады. Жарты сағат әкесінің денесіне массаж жасайды. Мектепке кеткенше әкесінің тісін жуып, сақалын алады. Сабақтан келген соң түскі асын жасап, үй ішінде жүруге көмектеседі. Қызы сабақта болғанда ер адамға ата-анасы қарайды.
«Мен әкемнің күтіміне қараудан шаршамаймын», – дейді қыз.
Әкесі қызын «менің қолым» деп атайды. Қызына әкесін әрі-бері алып жүру мен төсекке жатқызу қиынға соғады. Ол әкесін арнайы көтергішпен көтеріп, мүгедектер арбасына отырғызады.
Анасы кетіп қалғандықтан оны сағынбайтынын айтады. Алайда бірге өскен ағасын сағынып жүр екен.
Хайчэн жұмыс істей алмайды. Сондықтан ақшаны фермер ата-анасынан алады. Ол қытайлық Kuaishou платформасында аккаунт ашып, өз өмірін тікелей эфирде көрсетіп отырады. Ер адам 480 мың жазылушы жинады. Көрермендері қызын «кішкентай періште» деп атап, батылдығына қайран қалды.
04 қазан 2018 ж. 5 037 0

Балгер бағыңды аша ма?

23 тамыз 2025 ж. 167

Балалықтың тәтті бояуы

23 тамыз 2025 ж. 148

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031