Топ-баннер
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қорқынышты түс көрудің адамға пайдасы

Қорқынышты түс көрудің адамға пайдасы

Женева университетінің ғалымдары америкалық әріптестерімен бірлесіп, қорқынышты түстердің адамның жүйке жүйесін "жаттықтыруға" көмектесетінін анықтады. Нәтижесінде, адам шынайы өмірдегі күйзеліс жағдайларына төзімді бола түседі екен. 
Ғалымдардың сәйкес зерттеулері Human Brain Mapping журналында жарияланды. 
Мамандар науқастарды мазасызданудан арылту үшін терапиялық тәсіл ретінде түске жүгінуге болатынына сенімді. Олар жүргізген ғылыми тәжірибеге 18 адам қатысқан. Сарапшылар электроэнцефалограмма арқылы ұйқы кезіндегі мидың әртүрлі бөліктерінің белсенділігін анықтады. 
Сараптама нәтижесінде белгілі болғандай, ұйқы кезіндегі қорқыныш сезіміне мидың аралық қабығы мен алдыңғы бел қыртысы жауапты екен. 
Сонымен қатар, мидың аралық қабығы ұйқыдан ояну кезіндегі эмоцияны бағалауға ықпал етеді және қорқыныш сезімі болғанда жүйелі түрде іске қосылады. Ал алдыңғы бел қыртысы ағзаны қауіптерге әрекет етуге дайындауға көмектеседі. 
Екінші ғылыми тәжірибеге 89 адам қатысқан. Соның нәтижесінде, мамандар адамның ұйқы кезінде қорқынышы неғұрлым үлкен болған сайын, аралық қабат пен бел қыртысының белсенділігі соғұрлым төмендейтінін анықтады. 
Осылайша, ғалымдар адамның түсіндегі және өңіндегі эмоцияларының байланысын атап өтті.
26 қараша 2019 ж. 1 380 0

Тарихтан жеткен тағылым

03 наурыз 2026 ж. 161

Жылдам байлық иллюзиясы

03 наурыз 2026 ж. 73

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031