Қоқыс ақысы қымбаттады... Неге?
Соңғы жылдары күн жылынса қоқыстан шығар мөңкіген иістен аяқ алып жүргісіз жағдайдан арылып, таза аулада тыныстап, көңілі жадыраған «Мелиоратор» мөлтек ауданы тұрғындары көңіліне кірбің, саналарына салмақ салған тағы бір мәселе мазалады.
Тазалықтың табын енді ғана сезіне бастаған тұрғындар өздері шығарған қалдық үшін «Әрбір мекенжай тіркемесінде тұратын адамдардың жан басына 600 теңгеден ақы төлейтін болды» деген хабарды естісімен, мән-жайды білмек болып, құзырлы орындарға сабылды.
Жыл соңында тарифтің қымбаттауына не себеп? Ол қайдан шыққан шешім? Тендерге түсу арқылы жұмысты жеңіп алған жауапты мекеменің тоқтамы ма? Әлде өзге де әсер еткен факторлар бар ма? Бұл туралы жанайқайдың қыр-сырын терең білмекке біз де әрекет еттік.
Алдымен атбасын жеңімпаз деп танылған «Сұлутам» пәтер иелері кооперативіне бұрдық. Жұмыс кестесімен таныс болмаған соң ба, олармен тілдесу оңайға түспеді. Ендігі бағытымыз аудан орталығының тыныс-тіршілігіне жауапты Әйтеке би кенті әкімдігі ғимараты болды.
Ондағы: «Тарифті біз белгілемейміз ғой», – деген жауапты маманның мардымсыз пікіріне қанағаттанбаған соң, жазбаша өтінім тастадық.
Хатқа арада екі күн өткен соң жауап алдық.
Сұранымға пікір білдірген кент әкімінің орынбасары Дархан Алпысбаевтың келтірген дәйегіне сүйенсек, тұрмыстық қатты қалдықтар тарифі туралы мәселе Қазалы ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан қайта қаралып, оларды есептеу үшін өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындысымен жеңімпаз болып танылған “Диарус” ЖШС бұрынғы бекітілген әдістерге сәйкес қайта есептеген.
Ол Қазалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы ақпанындағы ХХХVІІІ сессиясында бекітілген.
Ал қолымызға тиген аудандық мәслихат шешімінен ұғынғанымыз, тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару тарифін бекіту туралы сессиядан бұрын да бұл жайт арнайы комиссия отырысында талқыланған. Талқылауға жиналған депутаттар тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифін бекітуге ерекше мән берген.
Жаңа ережеде көп қабатты үй тұрғындары үшін екі түрлі тариф ұсынылған.
Толық жабдықталған көп қабатты үйлерде ай сайын жан басына төлейтін ақы – 197,29 теңге болса, жартылай жабдықталған көп қабатты үйлердің адамдары әрбірі үшін 236,75 теңге төлейді. Ал шаруашылық субъектілер – абоненттер үшін айына 1 текше метрге қаржы көлемі – 2367, 52 теңге болып белгіленген. Оның ішінде жинау – 875,98 теңге, әкету – 1366, 54 теңге және көму –125 теңгені құраған.

Апта соңында «Сұлутам» ПИК-тің басшысы Әлмұрат Амановпен тілдесудің сәті түсті. Ол кооператив біз қаузаған мәселеге байланысты қызу жұмыс жүргізіп жатқандығын жеткізді.
«Қазалы Көркем Сервис» ЖШС-мен жасалған келісімшартты бұзуға байланысты құжаттар әзірленуде. Уақытша қоқыс қалдығын шығарумен Т.Ысқақов басқаратын «ЭкоСервисСтройКонсалтинг» ЖШС-ның маман-жұмысшылары айналыспақ. Сондай-ақ, аудан әкімі М.Ергешбаевтың бастамасымен жаңа жылға дейін мөлтекауданға жаңа контейнерлер қойылып, келер жыл жоспарында қоқыс жинау техникасы алынатынынан хабардар болдық.
Ә.Амановтың айтуынша, тұрғындар тұрмысы ескеріліп, оларға қолайлы баға, үй басына 600 теңге ақы алу мәселесі қозғалуда.
Тұратындардың денін әлеуметттік аз қамтамасыз етілген жандар мен жас отбасылар құрайтын көпқабатты үйлер үшін халық қалаулылары қолдауымен белгіленген бағаға көпшілік көңілі әлі алаң. Көкейде азық-түлік, киім-кешек күн сайын шарықтап бара жатқан кезеңде қосымша коммуналдық салаға деген баға бұлай қымбаттаса, күнкөріс қамы қалай болар екен деген ой көміліп қала берді.

Алтын ҚОСБАРМАҚОВА