Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Заңсыз әкелінген смартфонды ақылы түрде "заңдастыру": Цифрлық даму министрлігі түсініктеме берді

Заңсыз әкелінген смартфонды ақылы түрде "заңдастыру": Цифрлық даму министрлігі түсініктеме берді

Фото: unsplash
2025 жылғы 29 қазанда Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун Мәжіліс кулуарында елге заңсыз әкелінген смартфондарды "заңдастыру" туралы мәселеге түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұған дейін БАҚ-та Қазақстан азаматтарына заңсыз әкелінген смартфондарды ақшаға верификациялау (тіркеу) қызметін ұсынып жүргендер туралы хабар тараған еді.
"Шын мәнінде, егер қазір біреу осындай қызмет ұсынып жүрсе де, бізде барлық жүйе цифрландырылып жатыр. Енді телефон нөмірлерінің бірыңғай тізілімі және сол нөмірлердің иелері бойынша тізілім пайда болады. Егер бір жеке сәйкестендіру нөміріне (ЖСН) бірнеше нөмір немесе телефон тіркелсе, біз мұны талдау барысында оңай анықтай аламыз", – деді Мун.
Сонымен қатар ол жақын арада биометриялық сәйкестендіру жүйелері енгізілетінін еске салды.
"Біздің тарапымыздан аналитика мен цифрлық технологиялар арқылы мұның бәрін анықтау мүмкіндігі бар. Сол себепті егер біреу осындай қызмет ұсынса, ондай жолға бармауға кеңес беремін. Ең дұрысы – өз смартфоныңыздың біреудің атына тіркелмегенін алдын ала тексеру", – деп атап өтті вице-министр.
Бұған дейін Қазақстанда дипфейк үшін жауапкершілік енгізілетіндігін жазған болатынбыз.
29 қазан 2025 ж. 126 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031