Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Билет алу бейнеті азаяды

Билет алу бейнеті азаяды

Компьютерлік технологияның қарыштап дамуы қоғамдағы қызмет сапасын көтеріп, кем-кетігі көп қағазбастылық пен қол күшінің орнын сенімді түрде алмастырып келеді.

Алыс жолға шығып, сапарға аттанар болсақ, әуелі жол жүру билетін алу ойға оралады. Теміржол вокзалына барып, кассаның алдында кезек күткен халықтың қатарына қосылуға тура келеді. Кассирдің аузынан «билет таусылды» деген сөзді естігенде, күніңіз алыпсатар ағайынның қолына қарап қалады. Яки болмаса электронды билет түрін пайдаланғаныңыз абзал.
Электронды билеттің артықшылығы, арнайы ғаламтор көздеріне кіру арқылы 5-7 минуттың ішінде қажетті құжаттарды толтырып, қалаған пойыз маршрутынан өзіңізге ұнайтын орынды таңдап аласыз. Ол үшін tickets.kz сынды сайттарға кіріп, жол жүретін күнді таңдап, тұрғылықты теміржол станциясы және бағыт алған жерді белгілесеңіз жетіп жатыр. Төлем түрлерінің ішінен тиімдісін тауып, кассаларда ұстайтын комиссиясыз жол жүру билетін сатып алуға болады.
Осы қызметтің тағы бір тиімді тұсы түрлі арандатушылықтарға ұшырау азаяды. Себебі, электрондық билетті қолдан жасау мүмкін емес. Үйде ұмытып қалған, жоғалтып алған жағдайдың өзінде қайта қалпына келтіруге әбден болады. Оған бар керегі билет тіркелген төлқұжат. Өйткені сіз билетті сатып алған компанияның базасында барлық мәлімет сақтаулы тұрады.
2014 жылмен салыстырғанда қазір жолаушылар пойызына электрондық билет сатып алу 8 есеге өскен. 2018 жылы интернет арқылы 16 264 373 билетті сатып алу операциясы жасалған.
2019 жылдың 29 наурызында «ҚТЖ» ҰК» АҚ, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі арасында теміржол тасымалы саласында тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою жөніндегі жол картасына үшжақты қол қойылған болатын. Осыған сәйкес алыпсатарлардың алдын алу үшін 1 шілдеден бастап, билет сатудың жаңа жүйесі іске қосылды. Жаңа билеттер шыққанда немесе жолаушылардың қайтарған билеттерін тек белгіленген уақытта ғана сатылымға шығарады.
Ендігі уақытта билеттерді «Жолаушылар тасымалы» АҚ-на қарасты 233, жеке меншік 4500 кассада және epay.railways.kz сайты арқылы таза өз құнына алуға мүмкіндік бар.
Теміржол саласының төңірегіндегі қордаланып қалған келеңсіздіктерді шешу жұмысын Президенттің өзі жеке бақылауында ұстап отыр. Оған дәлел Қасым-Жомарт Тоқаев өз твиттер парақшасында: «Үкіметке жаз мезгілінде пойыз билеттерінің тапшылығын қолдан жасауды тоқтату туралы тапсырма бердім. Бұл жағдай азаматтарымызға қолайсыздық туғызып, еліміздегі ішкі туризмнің дамуына кедергі келтіріп отыр», – деп жазған еді.
Сандық жүйеге көшу қай саланы болмасын қатаң бақылауда ұстап, түрлі сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуге ықпал етеді. Электрондық қызметтерді пайдалану азаматтарға үйде отырып, өнімді жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Уақыт пен күшті үнемдеп, тиімді жұмсау цифрлық жүйеге көшудегі негізгі себептердің бірі.
Ақтілеу ҚАЛДЫБАЙ

27 тамыз 2019 ж. 1 429 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031