Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аударылған вагондар соңғы рет қашан тексерістен өткен?

Аударылған вагондар соңғы рет қашан тексерістен өткен?

    Астанадан Алматыға қарай бет алған №10 пойыз 2012-2014 жылдары Крюковский және Тверский зауыттарынан шыққан вагондардан құрастырылған. Бұл вагондардың қажетті техникалық тексерулер мен тиісті нормативтік-техникалық құжаттамалардан өткені белгілі болды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
    Нормативтік-техникалық талаптарға сәйкес, №10 пойыздың вагондары рейс алдында техникалық қызметтік тексерістен өткен.
Теміржол техникалық регламентке сәйкес, айына екі рет тексеріледі. Соңғы рет 2018 жылдың 6 маусымы күні тексерілген. Ешқандай ақау анықталмады.
    Алматы-1 вокзалына жеткізілген барлық жолаушыға қажетті көмек көрсетіліп, билет қайтару құнына қатысты ақпараттар берілді. Билет құнын қайтаруға қатысты сұрақтар бойынша келесі нөмірлерге хабарласуға болады: 8 (7172) 600-244; 933-617 (Астана қаласы).
«НСК» компаниясына сақтандыру сұрақтары бойынша келесі нөмірлерге хабарласуға болады: 8(7172) 600-235; 600-128.
   Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың 17 маусым күні сағат 13.25-тер шамасында, «Шығанақ-Шу» учаскесінің «Жиделі-Бірлік1» перегонында жолаушылар тасымалдайтын Астана қаласынан Алматы қаласына бағыт алған №9 пойызының 6 вагоны рельстен шығып кетті. Төтенше жағдай салдарынан 3 адам жарақаттанып, бір адам қаза тапты. Кейін жолаушылар Шу станциясына басқа пойызбен жеткізілді.


18 маусым 2018 ж. 1 211 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 74

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 69

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930