Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан жастары АҚШ-тағы замандастарымен байланыс орнатады

Қазақстан жастары АҚШ-тағы замандастарымен байланыс орнатады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жастар жылы аясында Қазақстан жастары АҚШ-тағы замандастарымен байланыс орнатады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Жастар және отбасы комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет биыл Жастар жылы аясында атқарылып жатқан шараларға тоқталды. «Жастар жылын жемісті өткізу үшін 5 негізгі бағыт бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Соның ішіндегі ең негізгі бағыт – баспанамен қамту. Жыл сайын Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында 3 мың арендалық пәтер беру жобасының ережесі бекітілуде. Ал «Жас кәсіпкер» жобасы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен жеңіл несиелер беруді көздейді. «Жас маман» жобасы бойынша 180 колледж бен кәсіби-техникалық оқу орнының материалдық техникалық базасы жаңартылып жатыр. Азаматтық белсенділікті дамыту бағыты бойынша үкіметтік емес ұйымдарға арналған 50-ден астам грантқа конкурс жарияладық. Олардың ішіндегі ең өзекті дегендері Волонтерлар жылы аясында ұйымдастырылады. Ерікті қозғалыстарды ынталандыру үшін келешекте волонтерлар жұмысына сағатына 1 мың теңге қосымша ақша төленетін болады», - деді министрлік өкілі. «Bolashaq» қауымдастығының атқарушы директоры Лаура Демесінованың айтуынша, Жастар жылында еліміздің түкпір-түкпіріндегі жастар ұйымдарының өзара байланысын дамытуға баса мән берілмек. Сол үшін нетворкинг және жастар ұйымдарының тәжірибе алмасуы жобасы жүзеге аспақ. Елімізде бірінше рет өткелі отырған шара 13 тамыздан 4 қыркүйекке дейін жалғасады. 17 өңірдің жастары Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Павлодар, Орал қалаларында бас қосып, тәжірибе алмасатын болады. «Жоба шамамен 1100 адамды қамтиды деген есеп бар. Елдің барлық өңірін қамтитын ауқымда шара болғандықтан 100 млн теңгеден астам қаражат бөлініп отыр. Ең қуаныштысы, биыл жастардың белсенді өміріне еңбек жастары көптеп тартылмақ. Оған «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры қолдау көрсетуге дайын. Жобаның екінші кезеңінде АҚШ жастарымен байланыс орнату көзделген. Біздің жастар АҚШ-тағы жастар ұйымдарының жұмыс тәжірибесімен танысатын болады. Жобаның қорытындысы ретінде үздік тәжірибелер жинағын шығарамыз», - деді Лаура Демесінова. Нетвокинг және жастардың тәжірибе алмасу жобасына өтініш қабылдау осы аптаның жұма күніне дейін жалғасады. Оған жастар ұйымдары, үкіметтік емес жастар ұйымдары және жастар ресурстық орталықтары қатыса алады.
06 тамыз 2019 ж. 1 533 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 135

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 137

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 142

Рухани шамшырақ иесі

21 қазан 2025 ж. 125

Мал баққанға бітеді

21 қазан 2025 ж. 122

Ұйқыдағы үрей

21 қазан 2025 ж. 138

Алма ауызға түспейді

21 қазан 2025 ж. 134

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031