Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет жастарды үй алғанша баспанамен қамтамасыз етеді

Мемлекет жастарды үй алғанша баспанамен қамтамасыз етеді

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жыл сайын 1000 пәтер бөлініп отырады. Жас мамандар мен жас отбасылар аяққа нық тұрмайынша жалдамалы баспанамен қамтылады.

Бүгін Үкімет үйінде өткен брифингіде Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Жұлдыз Омарова дәл осылай деді.
Жастар жылы жастарға барынша жағдай жасалмақ. Мәселен, жас мамандар мен жас отбасыларға өз пәтерлеріне қаражат жинап алу үшін жаңа мүмкіндік берілмек. Ол үшін сатып алуға құқығы жоқ жалдамалы пәтерлермен қамтылады. Баспана жастар көп шоғырланған үш қалада беріледі. Бұл Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент. Аталған шаһарларда жыл сайын 1000 пәтер бөлініп отырады.

«Бізде түрлі мемлекеттік бағдарлама бар. Бірақ оған қаржы жинау қажет. Ал жастар бүкіл ақшасын жалдамалы пәтерге берсе, қайдан жинайды? Ендеше, Яғни жас отбасылар аяққа тұрып алғанша мемлекет оларға көмек беруі керек. Яғни, осы тұста сатып алу құқығынсыз тұрғын үйлермен қамту өте дұрыс шешім болар еді», – деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Жұлдыз ОМАРБЕКОВА.

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министр Жұлдыз Омарбекова осы тұста еліміздегі ажырасу көрсеткішінің тым жоғары екенін айтып өтті. Жастардың екі жаққа кетуіне көп себептің бірі – дәп осы баспананың жоқтығы, тұрмыс деңгейінің төмендігі дейді. Ал қыркүйек айынан бастап жүзеге асатын жаңа бағдарлама осы бір өзекті мәселені шешуге септігін тигізбек. Көбіне басымдық мүгедек ата-анасын немесе мүмкіндігі шектеулі баласын асырап жатқан жастарға беріледі. Ережесі 1 тамызда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің сайтында жарияланбақ.

«Жалдамалы пәтерлер 3-5 жылға дейін беріледі. Оған 29 жасқа дейінгі жастар қатыса алады және ай сайын небары 10-12 мың теңгеден ғана төлейді. Басты талап – қатысушының Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде, немесе өзге де мемлекеттік бағдарламада шоты болуы қажет. Яғни, шынымен де өз пәтеріне қаржы жинап жатқанын көруіміз қажет», – деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Жұлдыз ОМАРБЕКОВА.

Бұдан бөлек брифингте қазақстандық студенттер оқуларын волонтерлық жұмыспен төлей алатыны мәлім болды. Бұл туралы жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаментінің директоры Әділет Тойбаев айтып берді. Барлық қызметтер әлеуметтік бағытта болады. Дегенмен студент өзінің бейіндік бағдарына жақын жұмысты таңдай алады. Жеке және мемлекеттік жоғарғы оқу орындарының студенттеріне оқуын қоғамдық жұмыспен төлеуге мүмкіндік беретін сайт қыркүйек айында іске қосылмақ. Онда тек тексерілген волонтерлық ұйымдар тіркеледі.

«Бес категория жетілдіріледі. Волонтерлар соның біріне тіркеледі. Студент жұмысын орындап болған соң, университеттегі несиесін төлейді. Волонтерлық көмекті алып отырған ұйым, студент пен жергілікті атқарушы орган, яғни әкімдік етене жұмыс істейді. Бұдан бөлек, жастар аулалық клубтарда, қосымша білім беру, спорттық және зияткерлік сипаттағы ұйымдарда жұмыс істей алады. Ағылшын, қазақ тілі курстарын жүргізеді», – деді ҚР БҒМ Жоғары оқу орнынан кейінгі білім бер департаментінің директоры Әділет ТОЙБАЕВ.

Бағдарлама үш жылға жоспарланған. Биылғы қыркүйекте 50 мың студентті қамту көзделіп отыр.

alashainasy.kz
05 шілде 2019 ж. 1 106 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930