Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастар айына 12 мың теңге төлеп, пәтер жалдап тұра алады - министр

Жастар айына 12 мың теңге төлеп, пәтер жалдап тұра алады - министр

Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жастары айына 12 мың теңге төлеп, пәтер жалдап тұра алады. Бұл туралы қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ол жалдамалы баспана болады. Көп дегенде үш жылға созуға болатын жалдамалы пәтер туралы келісімшартқа қол қоюды ұсынамыз. Жалдамалы пәтердің ай сайынғы төлемі 10-12 мың теңге болады", - деді министр. Кәлетаевтың айтуынша, пәтерлер салынып жатқанда әкімдік өкілдері пәтерді жастарға жалға беру үшін оны "нарықтан" сатып алады. "Осы санаттағы пәтерлерге үміткерлердің параметрлерін дайындадық. Бірінші талап - 29 жасқа дейінгі жастар. Екіншісі - жалға алатын адам міндетті түрде жұмыс істеуі керек. Берілетін пәтерлердің аумағы 40-50 шаршы метр болады деп болжанып отыр", - деді Дархан Кәлетаев. Еске салайық, мұның алдында Президент Нұрсұлтан Назарбаев Жастар жылын жариялай отырып, жұмыс істейтін жастардың өз баспанасы болуы тиіс екенін айтқан еді.
kaz.tengrinews.kz

08 ақпан 2019 ж. 1 143 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031