Тұрғымбаев 6 шілдеде митингіге шыққандардың не үшін ұсталғанын түсіндірді
6 шілдеде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында рұқсат етілмеген митингіге шыққан тәртіп бұзушыларды ұстау кезінде полиция барынша дұрыс жұмыс істеді және арнайы құралдар қолданбады. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Тәртіп бұзушыларды ұстау барынша шаралар дұрыс жүргізілді, арнайы құралдар қолданылған жоқ. Алайда, қоғамдық тәртіпті бұзған адамдар, олар жағдайды ушықтыруға тырысты, Алматы қаласындағы Абай даңғылындағы, сондай-ақ, Нұр-Сұлтандағы Республика даңғылындағы қоғамдық көлік қозғалысын жабуға тырысты, сол арқылы мереке кезінде азаматтардың демалуына кедергі келтірді. Сондықтан бұл адамдар ұсталды", - деді Тұрғымбаев үкімет отырысынан кейін кулуарда.
Айта кетейік, 6 шілдеде, мереке күні, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында рұқсат етілмеген митингілер өткізуге әрекет жасалды. Прокуратураның бірнеше рет ескертуіне қарамастан, жекелеген азаматтар тыйым салынған экстремистік ұйымның арандатушылық шақыруларына ұшырады. Олардың кейбіреулері басқа азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіре отырып, Құқық қорғау қызметкерлеріне қатысты құқыққа қарсы әрекеттер жасай бастады.
Осыған байланысты ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті бұзудың жолын кесу бойынша заңда көзделген шараларды қабылдағаны айтылады.
Ұйымдастырушылар мен белсенді қатысушылар полиция бөлімшелеріне жеткізілген. Жеке тұлғалардан түтін шашкалары мен травмат қаруы тәркіленген. "Тәртіп бұзушыларды ұстау барынша дұрыс жүргізілді, арнайы құралдар қолданылған жоқ", - деп мәлімдеді ІІМ өкілдері.
https://kaz.tengrinews.kz