Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Техникалық байқау мен арнайы сынақтар өткізілуде

Техникалық байқау мен арнайы сынақтар өткізілуде

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Б.А.Сағынтаевтың Қызылорда облысындағы жұмыс сапарының қорытындысы бойынша 2018 жылдың 29 наурыздағы №11-3/07-652 хаттамасының 6.3 тармағын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне белгіленген тәртіпте ғимараттың ағымдағы апаттық жай-күйін және Қызылордажылуэлектрорталығының жабдықтарының тозығы жеткендігін ескере отырып, жаңа жылу электр орталықтарын салу сұрағы бойынша сараптау комиссиясын құру және осы сұраққа сәйкес қорытындыны 2018 жылдың 1 маусымына дейін беру тапсырылды.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі №153 бұйрығымен мүдделі мемлекеттік органдардың, энергетикалық кәсіпорындардың, халықаралық ұйымдардың қатысуымен сараптау комиссиясы құрылды, атап айтқанда, «Tetra Tech» корпорациясы басқаруындағы ЮСАИД «Болашақ энергиясы» аймақтық жобасының жетекшісі мен энергетикалық сарапшылар. Комиссияға Қызылорда қаласында жаңа жылу-электр станциясын салудың орындылығы туралы сараптамалық қорытынды ұсынылды.
Осыған орай, «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК-да энергетикалық жабдықтардың, ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жай-күйіне тексерулер мен зерттеулер жүргізу үшін 2018 жылдың 17 мамырдан Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің электр-жылу өндіруші станцияларын қадағалау мен бақылау басқармасының басшысы И.Рожковтың басшылығымен сараптамалық комиссия жұмыс жасауда. Атқарылатын жұмыстың ауқымдылығын ескере отырып, жұмысты ағымдағы жылдың 30 мамырына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Саламат ҚАЛЖАНОВ,
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
Атомдық және энергетикалық
қадағалау мен бақылау комитетінің
Қызылорда облысы бойынша
аумақтық департаменті» мемлекеттік
мекемесінің басшысы.


21 мамыр 2018 ж. 1 112 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 42

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930