Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалы өнімдері әлемдік нарықта

Қазалы өнімдері әлемдік нарықта

Экспорт – нарық өсуінің басты құралы. Өзге аймақтардағы бүгінгі заманға сай технологияларға қол жеткізудің оңтайлы жолы. Ал өнімді экспорттау – бәсекелестіктің үлкен бөлігі. Табиғи азық-түлік брендін қалыптастырып, ел әлеуетін ілгерілетуге мүмкіндік беретін экспорттағы бүгінгі қарымымыз жаман емес.
Тынымсыз еңбектің арқасында Қазалы ауданындағы ауыл шаруашылығы саласы жыл сайын алға жылжып келеді. Жақсы жетістіктерге жетіп, жоғары көрсеткіштерді бажайлап тұр. Өткен жылы ауданда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 24 миллиард 971,1 теңгені құрапты. Сонымен бірге былтыр 17 377 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілген.
– Былтырғы жылы егілген өнімнің басым бөлігі – күріш. Оның көлемі 6 450 гектарды құрайды. Сырдария өзенінде қалыптасқан су тапшылығына байланысты биік жерлерге орналасқан күріш егісінің көлемін 543 гектарға қысқартып, әртараптандыру бағытындағы дақылдардың көлемін ұлғайтуға ерекше мән бердік. Су тапшылығының алдын алу үшін өткен жылы Басықара, Құмжиек, Майлыбас ауылдарына 3 дана көтерме насос сатып алынып, коллекторлар жөндеуден өткізді. Есепті кезеңде ауданнан 6 шет мемлекетке, яғни Ресей, Белорусь, Дания, Германия, Нидерланды және Қытай елдеріне 1030 тонна күріш, 1030 тонна балық өнімі және 1267 тонна қамыс экспортталды. Ал мал шаруашылығына келер болсақ, төрт түліктің барлық түрінде айтарлықтай өсім бар. Қазір аудандағы мал басының басым бөлігі ауыл шаруашылық кәсіпорындарының иелігінде. Шаруашылықты дамыту мақсатында қаржы ұйымдары тарапынан жергілікті шаруа қожалықтардың жалпы құны 246,3 миллион теңгені құрайтын 29 жоба қаржыландырылды, – дейді аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы.
Экспорттың көлемін арттыру арқылы әлемдік нарықта бәсекелестікке төтеп бере алатын тауар шығаруға қабілеттілік артады. Ол дегеніміз, отандық өндірістің көкжиегі кеңейеді деген сөз. Тек талапқа сай өнім өндіріп, дұрысынан ұсына білсе болды. Ал қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақты болуы – халықтың екі қолға бір күрек ұстауына байланысты емес пе? Кәсіпкерліктің дамуына күш салған аймақ бұл мәселелерді шешуге әлдеқашан кірісіп кеткен. Бұл орайда мемлекет отандық өндірушілерге қолдау көрсетіп, бизнес үшін қолайлы жағдай да жасады. Ал жаһандық нарыққа шығатын, бәсекеге қабілетті өнім шығару – барша шаруалар мен диқандар еңбегін шыңдай түсуде.

Айнұр ӘЛИ
03 ақпан 2024 ж. 6 247 0

Бау-бақшасы жайқалған

30 наурыз 2025 ж. 244

Жеңімпаз атанды

30 наурыз 2025 ж. 240

Асық ойнаған озады

29 наурыз 2025 ж. 251

ҰШҚЫР ДОП ШЕБЕРІ

29 наурыз 2025 ж. 238

Келіннің ақылы

29 наурыз 2025 ж. 239

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31