Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 17 мың шағын несие: Биыл "Ауыл Аманаты" жобасы іске асырылады

17 мың шағын несие: Биыл "Ауыл Аманаты" жобасы іске асырылады

Үкімет инфляцияны нысаналы дәліз шекарасында ұстап тұру үшін жаңартылған іс-шаралар кешенін әзірледі.
Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлім етті, деп жазады inbusiness.kz.
"Шаралар кешенінің бірінші бағыты – өнім өндіру көлемін ұлғайту. Бұл бағыт өндірушілер арасында әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар мен ауыл шаруашылығы тауарларын тікелей сатып алудан форвардтық шарттар жасасуға көшу жолымен тұрақтандыру қорларының жұмысын қайта форматтау жөніндегі шараларды қамтиды", – деді министр.
Сондай-ақ, биылғы жылы 17 мың жеңілдетілген шағын несие беруге, 18 мың жұмыс орнын құруға бағытталған, ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі "Ауыл Аманаты" жобасын іске асыру басталады.
Сонымен қатар, жаңа сүт-тауарлы фермаларды құру және жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту бойынша 24 жобаны жеңілдетілген қаржыландыру арқылы Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесі қолданылмақ.
Ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында құрылыс материалдарын, жеңіл, химия және фармацевтика өнеркәсібі тауарларын өндіру бойынша импортты алмастыратын жобаларды іске асыру жалғасады.
Сондай-ақ, биылғы жылы құс етін өндіру бойынша 19 жобаны және ет өнімдерін өңдеу бойынша 17 жобаны іске асыру басталады, бұл 249 мың тонна құс етін және 32 мың тонна ет өнімдерін өндіруге мүмкіндік береді.
25 сәуір 2023 ж. 365 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930