Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Энергияға ауысу және газ стратегиясын дайындауда ынтымақтастық орнамақ

Энергияға ауысу және газ стратегиясын дайындауда ынтымақтастық орнамақ

“Шеврон” және QazaqGaz Қазақстандағы энергияға ауысу және газ стратегиясын әзірлеуге ынтымақтастық туралы мәлімдеді.
Алматы қ. Қазақстан – 2022 жылғы 28 қыркүйек – “Шеврон” корпорациясы өз филиалы “Шеврон Мұнайгаз Инк.” (бұдан әрі – Шеврон) компаниясы арқылы және QazaqGaz ҰК АҚ (бұдан әрі – QazaqGaz) энергияға ауысу бастамаларына және Қазақстандағы газ стратегиясын дамыту аясындағы ынтымақтастықты қарастыру үшін Өзара түсіністік туралы меморандумға (бұдан әрі – Меморандум) қол қол қойғанын мәлімдеді.
Меморандум газды пайдалану және Қазақстан Республикасының энергетикасын көміртегі бейтараптылығына ауыстыру стратегиясын әзірлеуге қатысты ұсыныстарды қамтиды.
Меморандумға Еуразия бөлімшесінің басқарушы директоры Дерек Магнесc, QazaqGaz Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов қол қойды.
“Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан экономикасын дамытудағы газдың маңызды рөлін атап өтті. Біз газ саласындағы инвестициялық климатты ұзақ мерзімге жақсартуға қажетті қадамдарды белгілеуіміз қажет, – деді “QazaqGaz” басшысы Санжар Жаркешов. – Шеврон” компаниясы сияқты стратегиялық серіктеспен ынтымақтасымызды нығайту Қазақстанның газ саласын дамытуға және газға деген ішкі сұранысты қамтамасыз ету үшін маңызды. Меморандум Қазақстанның энергетика саласын дамытудағы маңызды қадам.”
Меморандум Қазақстандағы газды барлау және өндіру жобасын дамыту саласындағы мүмкіндіктерді бірлесіп зерттеуге мүмкіндік туғызады.
“QazaqGaz” компаниясымен Өзара түсіністік туралы меморандум “Шеврон” компаниясының Қазақстан Республикасымен 30-жылдық серіктесінің тағы бір маңызды сатысы. Стратегиялық серіктестік және ынтымақтастық ірі ауқымды энергетикалық жобаларды іске асырудың негізі. Қазақстан энергетикалық ауысу саласында алдына үлкен жоспарлар қойып, елдің көміртегі шығарындыларын азайту бойынша мақсаттарына қол жеткізуге қажетті шараларды қолға алып отыр. Серіктестерімізбен және Қазақстан Республикасы үкіметімен тығыз қарым-қатынасымызды одан әрі нығайтып, энергетика саласын дамытуға және Қазақстан халқын гүлдендіруге әлі де талай үлес қосамыз, деп сенеміз”, – деді Дерек Магнесс.
28 қыркүйек 2022 ж. 721 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 55

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930