Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда қанша газ қоры бар

Қазақстанда қанша газ қоры бар

Газ саласы елеулі қолдауды қажет етеді. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстан – газдың 3,8 трлн текше метр көлеміндегі қоры расталған ел, оны қауіпсіз және тиімді өндіріп, ішкі нарықтың қажеттіліктеріне бағыттау керек. Газ өндірісінің 81 пайызы үш ірі жоба, яғни Қарашығанақ, Қашаған және Теңізге тиесілі. Жаңа геосаяси жағдайларда, жаңа транзиттік әлеуетті дамыту және Қазақстан Республикасының өңірлерін одан әрі газдандыру мүмкіндігіміз бар. Бірақ, қазіргі уақытта газ саласы елеулі қолдауды, елеулі қаржылық инвестицияларды қажет етеді. Өйткені газ тасымалдау жүйесінің нысандарын жаңғыртпай әрі кеңейтпей, тұтынушыларды одан әрі газбен үздіксіз жабдықтау мүмкін емес», - деді С. Жаркешов. Бұдан бұрын хабарланғандай, Энергетика министрі Болат Ақшолақов 2025 жылға қарай отандық газдың тапшылығы болуы мүмкін екенін айтты. Ел ішінде газ тұтыну көлемі тұрақты түрде өсіп келеді.
06 маусым 2022 ж. 742 0

Атышулы оқиға ақиқаты

15 сәуір 2025 ж. 87

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930