Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Газға қосу қызметінің құны арзандайды

Газға қосу қызметінің құны арзандайды

Жеке үйлерді газға қосу қызметінің құны еселеп арзандайды. Бұл туралы Мәжілістегі Үкімет сағатында «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов мәлім етті.
«2022 жылдың 1 қаңтарына дейін «ҚазТрансГаз Аймақ» бәсекелестік нарыққа қатысқан болатын. Олар газды үйдің ішіне дейін қосуды қамтамасыз еткен. Олардың қызметі 1 қаңтарда тоқтаған, өйткені ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі саладағы бәсекелестікке нұқсан келтіресіңдер деген уәж айтқан. Қазір агенттік бұл мәселеге байланысты түсіністік танытып отыр. Осы орайда «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясы қайтадан осы нарықтағы қызметін жандандыруы мүмкін. Бұл ретте газды үйге тарту қызметінің құны арзандауы ықтимал», – деді С. Жаркешев.
Осы орайда ол жеке үйлерді газға қосу қызметіне төлем сомасы еселеп арзандайтынын айтты.
«Біздің қызметтің құны – 113 мың теңге. Ал жеке мердігерлер 400-450 мың теңге шамасында газға қосып жүр. Осы орайда бәсекелестіктің арқасында бұл қызметтің құны 3 есе арзандайды деген ойдамыз. Қазақстан бойынша бір баға белгіленеді», – деді Басқарма төрағасы.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
07 маусым 2022 ж. 676 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031