Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Энергетика министрлігі бензин бағасын өсіруді ұсынды

Энергетика министрлігі бензин бағасын өсіруді ұсынды

Энергетика министрлігі мұнай өнімдерінің шекті бағасына мемлекеттік реттеу тәртібін өзгертуді ұсынды. Бұл туралы Энергетика министрлігінің бұйрық жобасы Ашық НҚА сайтында жарияланды, деп хабарлайды Экспресс К.

Жарияланған бұйрық жобасына сәйкес, бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне қосымша құн салығы есебімен шекті бағалар мынадай мөлшерде белгіленген.

Мәселен, Аи-80 маркалы бензин — 1 литр үшін 89 теңге; Аи-92, Аи — 93 маркалы бензин Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында — 1 литрі 187 теңге болмақ.

Ал Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында — 1 литрі 182 теңге.

Жазғы, маусымаралық дизель отынының бағасы Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Абай облысында — 1 литрі 260 теңге болады.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Жетісу, Ұлытау облыстарында — 1 литрі 230 теңгеден сатылады.

Сондай-ақ Энергетика министрлігі мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті баға мұнай мен мұнай өнімдерінің әлемдік бағаларын, Еуропа нарықтарына дейінгі көлік шығыстарын, акциздерді, операциялық және басқа да шығыстарды ескеріп, Аи-92 маркалы бензин литрі– 236 теңге, дизель отыны — 420 теңге екенін ескертті.

Аи-92 маркалы бензин бағасының 54 теңгеге күрт өсуі халық арасында теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан 2025 жылға дейін шекті бөлшек сауда бағаларын кезең-кезеңімен көтеру ұсынылады,— делінген бұйрық жобасында.

ЭК бұған дейін Энергетика министрі Қазақстанның барлық аймақтарында бензин мен дизель отынының шекті бағасы өзгеру туралы арнайы бұйрыққа қол қойғаны туралы жазған.
27 маусым 2022 ж. 806 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031