Елімізде жанар-жағармайдың жаңа шекті бағалары белгіленді
Энергетика министрі арнайы бұйрыққа қол қойды. Жаңа құжатқа сәйкес, Қазақстанның барлық аймақтарында бензин мен дизель отынының шекті бағасы өзгереді, деп хабарлайды Экспресс К.
"Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы" ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 361 бұйрығына өзгерістер енгізілді.
Осылайша, АИ-80 маркалы бензиннің шекті бағасы 1 литрі 89 теңгені құрайды; АИ-92 және АИ-93 бензині Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында — 1 литрі 187 теңге. Ал Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында — 1 литрі 182 теңге болып белгіленді.
Дизель отыны (жазғы, маусымаралық): Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан,
Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Абай облысында — 1 литрі 260 теңге. Ал Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Жетісу және Ұлытау облыстарында — 1 литрі 230 теңгені құрайды. Ал АИ 95 және қысқы дизель отынының бағасын реттеу қолданылмайды.