Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Экономистер бюджеттегі дефицитті жоюдың жолдарын ұсынды

Экономистер бюджеттегі дефицитті жоюдың жолдарын ұсынды

Экономистер көрші елдерде қалыптасқан саяси жағдайдан Қазақстаннның экономикасын алып шығудың жолдарын ұсынды. Мамандардың пікірінше, бюджеттегі ойықты жабу үшін Қаржы министрлігі қашанда сырттан қарыз тартады. Инвестиция деп жар салғанмен, оның қайтарылымы қашанда ел қазынасына оңай тиген емес. Қазір базалық ставка жоғары болғандықтан, оның қайтарымы тым көп. Экономистер мұндай шырғалаңнан шығудың бірнеше жолын ұсынды.

Соңғы рет бюджетте профицит 2006 жылы болған. Одан бері бюджеттің табысынан шығыны көбейіп, дефициттің кері сальдосын ғана көріп келеміз. Биылғы дефицит 3 трлн теңгеге бағаланып отыр. Бұл ЖІӨ-нің 3,3 пайызын құрайды. Бұған әрине бюджет ақшасының тиімсіз жұмсалуы, жемқорлық және өзін ақтамайтын жобалардың көбеюі себеп деп санайды экономистер. Қазіргі үкімет бюджеттегі жыртықты жамау үшін Ұлттық қорға қол салуды тағы жиілетті. Экономист Мағбат Спановтың айтуынша, Ұлттық қордың берекесін кетірмей, қазынаға түскен қаражатқа ғана өмір сүруді үйренуіміз керек.

«Бюджеттің шығындарын қысқарту керек. Ұлттық қордың ақша алу – біздің болашақ ұрпақтың мүмкіндігін шектейді. Соңғы 3 жылдан бері трансферттерін қысқартамыз десек те, іс жүзінде көбейгенін көріп отырмыз. Бізде төлем балансындағы теріс сальдо бар. Бұл Үкіметтің тиімсіз жұмыс істейтінін көрсетеді. Біз қарызға емес, тапқан табысымызға өмір сүруді үйрену қажет», - деді экономист Мағбат Спанов.

Бюджеттегі тапшылықты жоюдың тағы бір жолы ретінде Қаржы министрлігі мемлекеттік құнды қағаздар арқылы нарықтан қарыз тартады. Мысалы, наурызда ішкі нарықтан 205 млрд теңге қарыз алған. Алайда, қазіргі базалық ставка жоғары болғандықтан, бұның қайтарымы айналып келгенде бюджетке қайтадан салмақ салады. Сондықтан, сарапшылар Қаржы министрлігі қарызды ұзақ мерзімге алмауға кеңес берді.

«Бюджеттегі тапшылықты Қаржы министрлігінің қарыз тарту жолымен жабуға тырысады. Алайда, Қаржы министрлігі мен Ұлттық банкке қазір қысым жоғары. Бір жағынан инфляцияны ауыздықтау керек. Ол үшін базалық ставканы көтеруге тура келді. Негізгі ставканы көтерейін десе, қарыздың қайтарымы өсіп кетеді. Мемлекетке қарызды өтеу қиындайды. Бұл экономиканы қаржыландыруға де кері әсер етеді. Себебі, кредит корпоративті борышкерлерге қымбатқа түседі. Ал, нақты секторды жоғары ставкалар арқылы кредиттеу өте қиын», - деді қаржыгер Фархад Охонов.

Бюджеттегі дефицитті жою үшін нақты секторға көңіл бөлу. Бұдан бюджеттегі дефицит қана емес, импортқа тәуелділік, қымбатшылық, жұмыссыздық секілді өзгеде проблемалар шешілер еді деп санайды экономистер қауымы. Қазақстандағы қазіргі ахуалды бағамдаған қаржыгерлердің сөзінше, біздің экономиканың басты проблемасы – басқарушы топтардың тым көптігі. Үкімет, Ұлттық банк, Ұлттық Экономика министрлігі, Статистикалық жоспарлау және реформалар агенттігі, Монополияға қарсы комитет. Әр қайсының өз бағыты бар. Бұл «аққу, шортан һәм шаянның» кері келіп тұр деп санайды сарапшылар. Экономиканы басқаруда бірыңғайлық, бірлік пен біліктілік болуы керек дейді олар.

«Ауыл шаруашылығында жоғары технологияы қолданбасақ сапалы өнім ала алмаймыз. Бұл салаға инвестицияда тартылмайды. Құнды қағаздардың көбі шикізат саласына кетеді. Ол жақта да өте күшті монополистер бар. Сондықтан нақты бір секторларды дамытпай біз инфляцияны да ауыздықтамаймыз, қаржы нарығы да осы қалпында қалады. Қаржы нарығындағы ахуалдың басым бөлігі қысқа мерзімге теңгелей несие алу. Қаржылық сауаттылықта қазір қатты көмектесе алмайды. Мен жастраға шынайы секторды дамытуды, сол саламен айналысуға кеңес берер едім», - деді экономика ғылымдарының докторы Найля Нұрланова.
21 сәуір 2022 ж. 519 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 67

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930