Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеңілдетілген автонесие бағдарламалары қайта басталады

Жеңілдетілген автонесие бағдарламалары қайта басталады

«Алғашқы отбасылық автокөлік» – ҚР ИИДМ-де жеңілдетілген несиелендіру қарастырылуда.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жеңілдетілген автонесие бағдарламаларын қайта бастауды жоспарлап отыр. Бағдарлама бойынша көліктердің тіпті жаңалары, мысалы, «Бірінші отбасылық автокөлік» болуы да мүмкін.

«Халықтың отандық автокөліктердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында министрлік жеңілдетілген автокөлікті несиелендіру бағдарламасына қосымша бюджет қаражатын бөлу мәселесін пысықтауда. Сондай-ақ, Елбасының тапсырмасы бойынша халыққа жеңілдетілген автонесие берудің жаңа бағдарламасы әзірленеді. Қазіргі уақытта бағдарламаны қайта іске қосудың бірнеше нұсқасы қарастырылуда. Нұсқалардың бірі көп балалы отбасыларды, құқық қорғау органдары қызметкерлерін, дәрігерлер мен мұғалімдерді қолдаудың кіші бағдарламасын қосымша енгізу ұсынылуымен ерекшеленеді. Сондай-ақ, «Бірінші отбасылық автокөлік» шағын бағдарламасын қосу мүмкіндігі қарастырылуда», – делінген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарламасында.
Қазақстанда жеңілдетілген автонесие бағдарламасы 2015 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ол 20 жылға есептелген және «айналмалы» несиелеуге негізделген. Жалпы қаржыландыру лимиті 82 млрд теңгені құрайды. Бағдарлама жүзеге асырылғалы бері айналым қаражатын есепке алғанда 159 млрд теңгеге 30 525 несие берілді. Қазірдің өзінде 80 мыңға жуық адам отандық автокөліктерді сатып алған.

Министрлік жеңілдетілген автонесие бағдарламасының шарттары қарапайым екенін түсіндірді:
• бір көліктің құны 15 миллион теңгеден аспайды;
• несие мерзімі – жеті жылдан аспайды;
• түпкілікті қарыз алушы үшін номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 4%-дан аспауы керек;
• түпкілікті қарыз алушы екінші деңгейдегі банктерге несиені өтеген кезде өтелген қаражат есебінен отандық өндірілген жолаушылар көліктерін сатып алушыларды қайта несиелеуге жол беріледі.
Бүгінгі таңда бағдарлама бойынша Hyundai, KIA, JAC, Chevrolet, LADA отандық құрастырылған көліктерді сатып алуға болады.
29 қаңтар 2022 ж. 715 0

Менің әжем

21 мамыр 2025 ж. 594

Ешқашан өшпейтін шежіре

21 мамыр 2025 ж. 1 037

Бала көңілдің бағбаны

21 мамыр 2025 ж. 119

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031