Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 7%-пен үй алуға болатын жаңа бағдарлама іске қосылды

7%-пен үй алуға болатын жаңа бағдарлама іске қосылды

ТҚЖБ мен BI Group бірлесіп тұрғын үйді алудың жаңа бағдарламасын іске қосты.
Қосымша кепілсіз, сонымен қатар төмендетілген 36% бастапқы жарнамен нарықтан пәтер алуға болады. Оның жылдық мөлшерлемесі 7% (ЖТСМ 7,4%-тен) және ТҚЖБ-нің заңнамасына сәйкес несие проценті болашақта төмендетіліп отырады. Яғни бастапқы кезде 7%-пен алса, кейін оның мөлшерін 4-6%-ке түсіруге мүмкіндік бар.
Осы жылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің құрылғанына 17 жыл толды. Әр тоғызыншы қазақстандық банктің салымшысы. Тек қана осы 2020 жылдың өзінде 377 мың салым ашып, клиенттер жеңілдетілген шартпен несие алып, қоныс тойын тойлауға әрекеттерін жасап жатыр. Күніне 250-ге жуық жеңілдетілген шартпен несие беріп жатырмыз. Айта кету керек, әлі де болса жеңілдетілген шартпен несие алуға сұраныс өте жоғары. Себебі клиенттерден күнделікті өтініштер, сұраныстар түсіп жатады. Көптеген себепке байланысты азаматтар жеңілдетілген мемлекеттік бағдарламаларға қатыса алмайды. Осыны ескеріп, ТҚЖБ мен BI Group компаниялары жаңа бағдарлама жасады. Жаңа бағдарламаның шарттарына сәйкес алғашқы жарнаны 36%-ке дейін түсірдік. Енді жеңілдетілген шартпен несие алып, азаматтардың үй алуына жағдай жасап жатырмыз. Бұл тек қана жеңілдетілген шартпен несие алу ғана емес, сонымен қатар отбасының бюджетіне түсетін салмақты азайтып тұр, - деп атап өтті «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаев.
Айта кетейік, жаңа ипотекаға өтініштер қабылдау осы жылдың 2 қарашасынан басталады.
Сонымен қатар, BI Finance басшысы Нұрлан Оңғарбаев жаңа бағдарламаның ерекшеліктері туралы айта кетті.
Бүгін біз ТҚЖБ әріптестерімізбен бірге тұрғын үйді сатып алу үшін тағы да бір қадам жасадық. Бұл бағдарламаның негізгі ерекшелігі - бастапқы жарнаның 50%-тен 36%-ке дейін төмендеуі. Яғни біз клиенттердің 50%-ке дейінгі бастапқы жарнаны жинауын күтпей, тұрғын үйді қолжетімді процентпен сатып алуға мүмкіндік беріп отырмыз. Біздің сараптарымызға сәйкес, тек елордада 12 мыңнан астам адамның 35% көлемінде жинақтары бар. Осы азаматтар жаңа бағдарлама бойынша пәтер сатып алуға мүмкіндіктері бар. Азаматтар үйді сату бөлімдеріне келіп, пәтерді таңдап, 15 минут ішінде банктің шешімін алып, пәтер ала алады. Бұл процесс өте жеңіл, - деді ол.
Жаңа бағдарлама бойынша баспана сатып алуға арналған несиенің ең жоғарғы соммасы - 90 миллион теңге, несие мерзімі 6 айдан 25 жылға дейін.
Жансұлтан Матаев клиенттерге қойылатын талаптарға тоқталып өтті.
Қойылатын артық ешқандай талап жоқ. Бұл жеңілдетілген несие болғанымен, әр клиент өзінің төлем қабілетін растауы қажет. BI Ипотека орталығында банктің өкілі отыр. Осы компанияның салып жатқан үйлерін таңдаған банк клиенттері сәйкесінше, осы жерде консультация алып, толығымен несиені рәсімдеуге мүмкіндігі бар. Аталған бағарлама бойынша үй алу үшін клиент дәл қазір 36% бастапқы жарнаны жинап, шот ашса да, осы 7%-пен үйге несие ала алады. Ал банкте бұрыннан шоты бар азаматтар аталған жарнаны бірнеше жыл бойы жинаса, ТҚЖБ заңнамасына сәйкес төмендетілген жылдық мөлшерлемемен осы бағдарламаға қатыса алады, - деп айтты ол.
Онымен қоса, егер үй алушының жинаған қаражаты басқа банкте болса, онда оны шешіп, ТҚЖБ-ден депозит аша алады.
Осы бағдарлама шеңберінде пәтерлердің бағасы шаршы метріне, салынған кешеніне байланысты болады.
Бағдарламаны құрастырушылардың айтуынша, үйлердің ең төменгі бағасы 9-10 млн теңге болады.
Айта кетейік, BI Group-тің салған 13 тұрғын үй кешенінен банк клиенттері пәтер сатып ала алады.
baq.kz
30 қазан 2020 ж. 1 140 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 78

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930