Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіпкерлікті дамыту үшін маңызды бастама

Кәсіпкерлікті дамыту үшін маңызды бастама

Президенттің төртінші бастамасы шағын және орта бизнеске қолдау көрсету үшін жеңілдетілген шағын несие көлемі туралы болды. Н.Назарбаев 2018 жылы жеңілдетілген шағын несие көлемін арттыру үшін 20 миллиард теңге бөлу керектігін айтты.
Өзін-өзі еңбекпен қамтыған және жұмыссыз тұрғындардың арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін мемлекет жеңілдетілген шағын несие беру тетігін қарастырып, былтырғы жылдың өзінде 7200 шағын несие берілген. Алайда, кейбір жобалар бойынша ісін бастауға қажетті шағын несиелер қамтылмаған. Мемлекеттен осы бастама бойынша бөлінетін шағын несиелердің жалпы сомасын 62 миллиард теңгеге жеткізу туралы айтылды.
Нәтижесінде биылғы жылда шағын несие алатындардың санын 2 есеге арттыру көзделген. Бұл жұмыстарды белсенді жалғастыру еліміздің мыңдаған тұрғындарына өз ісін ашуға мүмкіндік береді және ауыл-аймақтардағы кәсіпкерлікті дамыту үшін айрықша маңызды бастама екенін атап өткім келеді.
Ермек Аймаханов,
Қызылорда облысының Кәсіпкерлер Палатасының
Қазалы аудандық филиалы директоры
16 наурыз 2018 ж. 3 565 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031