Қазақстандықтар ақшасын түрлі қаржы құралына белсенді түрде салып жатыр
Инфляциядан қорғанудың ең тиімді жолы – ақшаны депозитке салу. 2021 жылғы тамызда екінші деңгейлі банктердегі жеке тұлғалардың салымдарының сомасы бір жылда 31,9% өскен, бұл соңғы 5 жылмен салыстырғанда бірнеше есе көп, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап.
2020 жылдан бастап қазақстандықтар бағалы қағаздар нарығына қызығушылық таныта бастаған. Елдің қор нарығында бөлшек инвесторлар санының өсуі байқалады. Негізінен бұл өз ақшасын инфляциядан қорғап қана қоймай, оны көбейтуді ойлайтын тұрғындар. 2018-2019 жылдары бөлшек инвесторлардың шоттарының саны 120 мыңнан аспаса, онда 2020 жылдың соңына қарай олардың саны 130 мыңнан асқан, ал биыл маусымда олардың саны 176,5 мыңға жеткен. Бұл Қазақстанның жұмыспен қамтылған халқының шамамен 2%. Бағалы қағаздар нарығында бөлшек инвесторлар үшін тартымды және ыңғайлы қаржыландыру құралдарының бірі – инвестициялық қор жарнасы. Инвестициялық қор жарнасы инвесторлардың қаражатын біріктіріп, оларды қандай да бір қаржы құралдарына: акцияларға, облигацияларға, жылжымайтын мүлікке және басқасына салады. Сіз портфельдегі немесе бірнеше үлесті сатып алуға мүмкіндігіңіз бар. Олардың саны жарнаның бағасына және инвестор енгізген сомаға байланысты болады. Көп жағдайда инвестициялық қор жарнасындағы инвестицияның мөлшері кез-келген әлеуетті инвесторға қолжетімді. Биыл инвестициялық қор жарнасы халық арасында танымалдылыққа ие бола бастады. 2021 жылғы тамызда инвестициялық қор жарнасының таза активтері бір жылда 2,2 есе өсіп, 116,1 млрд теңге (өткен жылғы көрсеткіш – 52,9 млрд теңге) болды. Сонымен қатар халық арасында жарна ұстаушылардың саны – 3,3 мың адам, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 есе көп. Қазақстандықтар арасында Halyk Finance, BCC Invest және First Heartland Jusan Invest сынды басқарушы инвестициялық компаниялардың инвестициялық қор жарнасы жоғары сұранысқа ие. Инвестициялық қор жарнасы активтерінің елеулі сомасы BCC Invest және First Heartland Jusan Invest-те. Біріншісі «ЦентрКредит – валюталықты» басқарады. Оның таза активтерінің сомасы 45,9% немесе 47,4 млрд теңгеге дейін өскен. Сондай-ақ First Heartland Jusan Invest үш валютадағы және екі теңгедегі инвестициялық қор жарнасын басқарады. Компанияның қордағы таза активтерінің жалпы сомасы – 8,5 млрд теңге.