Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 70 пайыз кәсіптерге стандарттар әзірлеу қажет - ҰКП

70 пайыз кәсіптерге стандарттар әзірлеу қажет - ҰКП

Кәсіптердің 70 пайызына кәсіптік стандарттар әзірлеу қажет. Бұл туралы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Адами капиталды дамыту департаментінің директоры Азамат Бейсенбенов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мұндай заң (ҚР Президенті Жолдауында айтылған «Кәсіби біліктіліктер туралы» заң) білімге жұмыс берушілер қоятын талаптарды реттейтін болады. Бұлар кәсіптік стандарттар. Қазіргі уақытта бізде 580-нен астам кәсіптік стандарттар бекітілген. Дегенмен, бұл барлық кәсіптердің тек қана 30 пайызын құрайды», - деді ол «Жолдау 2021: іске асыру жолдары» тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысы барысында Оның атап өтуінше, бұл бағытта атқарылуы тиіс жұмыс көлемі өте үлкен. «Яғни, алда жұмыстың үлкен көлемі тұр. 70 пайыз кәсіптік стандарттар әзірлеу қажет. Кәсіби біліктіліктер туралы аталған заң аясында бұл жұмыстарды үйлестірумен айналысатын жеке органның құрылатындығына үміт бар. Әрбір салада мұндай кәсіптік стандартың болуы өте маңызды», - деді Азамат Бейсенбенов. Еске салсақ, 1 қыркүйек күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты халыққа Жолдауын жариялады. Жолдаудың толық мәтіні мына жерде.
03 қыркүйек 2021 ж. 465 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 73

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930