Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үкімет ең төменгі жалақыны көтерудің 3 нұсқасын қарастырып жатыр

Үкімет ең төменгі жалақыны көтерудің 3 нұсқасын қарастырып жатыр

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ең төменгі жалақыны көтеруге қатысты Үкімет жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Үкіметі халықтың әл-ауқатын жақсарту және табыстарының артуын қамтамасыз ету жұмыстарын тұрақты негізде жүргізеді. Халықтың шынайы табысының деңгейін одан ары арттыру мақсатында ең төменгі жалақыны көтерудің бірнеше нұсқасы қарастырылып жатыр. Біріншісі – ең төменгі жалақыны инфляция деңгейінде көтеру. Екіншісі – ең төменгі жалақыны орташа айлық жалақының 30 пайызы мөлшерінде бекіту. Үшіншісі – ең төменгі жалақыны медициналық жалақымен байланыстыру мүмкіндігі», - деді Мәжіліс депутаттарының сауалына жауап берген Асқар Мамин. Оның атап өтуінше, аталған нұсқалар республикалық бюджеттен қосымша шығыстарды қажет етеді. «Дегенмен, биыл Үкімет, республикалық жұмысшылар бірлестіктері және республиалық жұмыс берушілер бірлестігі арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған жаңа бас келісімді жүзеге асыру басталады. Оны жүзеге асыру аясында ең төменгі жалақыны бекіту әдістемесі әзірленетін болады. Ең төменгі күнкөріс шегін анықтау тәртібі ҚР-ның «Ең төменгі әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдері туралы» Заңмен және ең төменгі күнкөріс шегін есептеу ережесімен регламенттеледі. Жалпы республика, облыстар, астана, республикалық маңызы бар қалалар және облыстық мәні бар қалалар бойынша ең төменгі күнкөріс шегі орташа есеппен жан басына шаққанда және негізгі жыныстық-жас топтары бойынша статистика органдарымен есептелінеді», - деді Үкімет басшысы.

26 наурыз 2021 ж. 2 823 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031