Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыр бойынан мал еті қайтадан экспортқа шығарылады

Сыр бойынан мал еті қайтадан экспортқа шығарылады

Қазақстанның барлық өңірлері шетелге еш кедергісіз мал етін экспорттай алады. 2011 жылдан бері буферлік аймақта болған еліміздің 5 облысына өткен жылы аусыл індетінен вакцина жасайтын қолайлы аймақтар мәртебесі берілді. Эпидемиялық ахуалдың жақсаруы бұған дейін шетел тұрмақ, өзге өңірлерге ет сата алмай келген Сыр кәсіпкерлері үшін жаңа мүмкіндіктер ашып отыр.
Осыдан 7 жыл бұрын аусыл індетіне қолайсыз Өзбекстан, Қырғыстан, Қытай мемлекеттерінің бірқатар өңірлерімен бірге Қазақстанның 5 облысы буферлік аймаққа енген. Содан бері Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан еліміздің басқа өңірлері мен шетелге ет экспорттауға тыйым салынған еді.
Ерсұлтан Әпетов, облыстық ветеринария басқармасының басшысы:
- Сол жылдардан бері бізде аусыл ауруы бойынша және тағы басқа да 14 түрлі аса қауіпті, жұқпалы ауруларға алдын-ала егу жұмыстары жүргізіледі. + Халықаралық эпизоотиялық бюроның сарапшылары келіп, бізде осы ветеринариялық іс шаралардың жұмысына зерттеу, зерделеу жұмыстарын жүргізіп, соның қорытындысымен осы буферлік аймақтан шығарылды.
Аймақ аусылдан айыққаннан кейін жергілікті кәсіпкерлер де мал бордақылап, ет өндіруге ден қоя бастады. Мәселен, қызылордалық кәсіпкер Әділжан Ізтілеуов жыл сайын 100 тонна ет дайындауды қолға алған. Оның бір бөлігін экспортқа шығаруды көздеп отыр.
Әділжан Ізтілеуов, кәсіпкер:
- Ауысымында 50 басқа мал сою цехы ашылды. 500 ірі қара сатып алынды. Қазіргі бірінші мақсатымыз, бұл Еуразиялық одаққа кірдік, «Халал» сертификатын Астанадан алдық, малайзиялық сертификат қолымызда. Осы сертификатқа байланысты барлық мұсылман елдерге ет экспорттауға мүмкіндік алып отырмыз.
Нұрлан Жақыпбеков, тілші:
- Дегенмен, әзірге Қызылорда облысында халыаралық талаптарға сәйкес келетін ет комбинаты жоқ. Сондықтан өткен жылы Сыр өңірінен Біріккен Араб Әмірлігі, Иран, Моңғолия мемлекеттеріне 2 мың 244 бас тірі қой сатылған. Алайда биыл Қызылорда қаласынан тиісті стандарттарға жауап беретін ет өндіру кәсіпорнын құру жоспарда бар. Содан кейін малды шетелге тірілей сатуды доғарып, ет күйінде өткізетін болады.
Бақыт Жаханов, облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы:
- Өткен жылы әлеуметтік кәсіпкерлік корпорация арқылы арнайы бағдарлама қабылданып, 1 млрд теңге облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. Бұл қаржыға әр аудандарда мал бордақылау алаңдарын, ет сою цехтарын, репродукторларды құру жұмыстары басталды. Енді біздің облысымызда екі 3 мың бастық мал бордақылау алаңдары жұмысын жасауда.
2021 жылға дейін Қызылорда өңірінен 200 тонна сиыр етін экспортқа шығару жоспарланған. Төрт түліктің тең өрген шағында жаңа мүмкіндіктердің ашылуы айтулы межені еңсеруге жол ашады. Мамандар осылай дейді.
Авторлары: Нұрлан Жақыпбеков, Әлхайдар Тұрлыханов
24.kz
16 ақпан 2018 ж. 1 055 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 85

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930