Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Базар бағасына бақылау керек

Базар бағасына бақылау керек

Әлемді шарпыған жұқпалы дерт белең алғаннан кейін елде төтенше жағдай енгізілді. Соның салдарынан оқу орындары, мектептер, бірсыпыра жұмыс орындары онлайн режимге көшті. Тіпті той-томалақ пен садақа-астарды өткізбеуді қатаң қадағалау қолға алынды. Нақтысында адам көп бас қосатын орындардың саны шектелді. «Біреуге жан қайғы, біреуге мал қайғы» демекші, кейбір пысықайлар осы сәтті өз пайдасына асырып, халыққа қажетті бетперде секілді заттарды екі есе бағамен сатып, мол табыс тауып қалуға барын салуда. Мұндай қиын-қыстау сәтте бағаны шарықтату қаншалықты дұрыс?
Жасыратыны жоқ елде төтенше жағдай орнағалы вирустың алдын алу үшін маска тағып жүру тапсырылды. Халық сабылысып, дәріхана алдында кезекке тұрды. Осындай уақытта кәсібін ширатуға асыққандар дереу бетперде тігумен айналысса, кейбір жомарт жандар халыққа тегін таратып бергенді құп көрді. Дегенмен осындай дүрбелең кезінде қалта қамын ойлағандар масканың бағасын шарықтатып, ақшаға кұныққандық кейіп танытты. Ол аз десеңіз азық-түлік бағасын жоғарылатып жібергендер де ел ішінде жүр. Мейлі халықтың вирустан құтылудың қамын ойлап жүргені оларға бәрібір. Бастысы қалтасы қалыңдайды.
Осыған байланысты саудагерлердің қалай қызмет жасайтынын білуге асықтық. Расымен бастапқыда базардағы баға күн санап өсіп отырған. Артынша ол вирусқа қатысты емес, доллар бағасының көтерілгені үшін шарықтағаны анықталып, кейіннен барлығы бірқалыпқа келген. Бірақ кей дүкендерде тұтынушыға «сырттан әкелінген тауар қымбаттап жеткізілді» деген уәжді алға тартатын сатушылар көбейген. Бұл жөнінде Әйтеке би кентінің тұрғыны Бақытхан Әлібеков:
– Әдетте көршілес дүкеннен қажетті заттар алғанда сүт бағасы 250 теңге, шекер 280 теңге болатын. Кейін үстіне шамалы тиын қосылғаны белгілі болды. Тіпті нан бағасы 90 теңге болғанын да білесіздер. Дегенмен артынша барлығы басылып, азық-түлік құны қайта қалыпқа келді. Бір жолы орталық көшелердің қиылысындағы дүкенге жолай бас сұққанымда сүттің 300, қанттың 350 теңгеге жоғарылағанын байқадым. Сатушыдан сұрасам «зат қымбаттады» деп отыр. Алайда үйге оралып, көрші дүкеншіге жолыққанымда өспегенін айтты. Бұл қалай? Осындай қиын кезеңді пайдаланып халықты қанау дұрыс па? Жауаптылар тиесілі тексеру жұмыстарын жүргізу керек емес пе? – деген жанайқайын жеткізді.
Расымен сындарлы сәтте баға бағамын арттырып, көк қағазды ойлағандар көптің алғысын емес, ренішін арқалайтынын ескерген жөн. Осы ретте «Орын-Ай» сауда орталығында азық-түлік сатушы Кенже «мұндай уақытта елден бөлек болып, астыртын ақша табатын саудагерлер жазасыз қалмауы тиіс» деп отыр.
– Базарда бағаның көтерілгені рас. Дегенмен барлық азық-түлік бірдей жоғарыламады. Негізі сауда орталықтарында ішіп-жемнің құны ара-тұра көтеріліп-түсіп отыратыны анық емес пе?! Бағаның өскені карантин уақытымен тұспа-тұс келгені, саудагерлердің кінәсі емес. Бізде қысылтаяң сәтті елмен бірге көріп жатырмыз, – деді ол.
Қазір көтерме сауда орталықтары мен дүкендердің жұмыс уақыты шектелді. Таңғы 9:00-де есік ашатын олар, кешкі 18:00-де жауып үлгеру қажет. Егер тәртіпке бағынбаса, тиісті шара көріліп, айыппұл салынады. Десек те айтпағымыз бұл емес. Бастысы заңның бар екенін, тәртіптің талап етілетінін ескерсек.
Бұл жөнінде Жанқожа батыр мешітінің бас имамы Берік Сүлейменов:
– Шариғат бойынша қиындық кезінде болсын, мейлі жай уақытта бағаны көтеріп сату үлкен күнә болып есептеледі. Ол туралы бірнеше хадисте бар. Егер сатып алушылардың алған тауарлары өзіне қымбат келген жағдайда оған ешқандай айып таға алмаймыз, – деді.
Бүгінге дейін елдің басынан түрлі оқиғалар өтті. Десек те ұйымшылдық көрсеткен халық бірігіп, барлығын артқа тастады. Міне, бүгінде осындай ұйымшылдық көрсететін сын сағаты туып отыр. Сол себепті мұндайда пайда табуды емес, көпшілікке қолұшын тигізуді ойлайық.
Абзал ЖОЛТЕРЕК
19 сәуір 2020 ж. 804 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 63

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930