Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүрегі жақсылыққа толы

Жүрегі жақсылыққа толы

Елдегі төтенше жағдайға ­байланысты індеттің таралуына жол бермеу мақсатында тұрғындардың бетперде тағып жүруі қатаң міндеттелген. Себебі ол вирустан аз да болса қорғайды. Оған қоса бүгінде маска табыла бермейтін қат тауарға айналып отырғаны да жасырын емес.
Сондықтан аудандағы кәсіпкерлер маска тігуді ә дегеннен қолға алып кетті. Қиын-қыстау кезеңде халыққа қажеттілігін түсінген олар тез арада кәсібін ширатып та үлгерді. Алайда бетперде дайындаушылардың барлығы бірдей нәзік жандылар. Ал біздің бүгінгі тақырыпқа арқау етіп отырған азамат, №6 Қазалы пайдалану вагон депосының техникалық қызмет көрсету бекетінде вагон қараушы– жөндеушісі болып еңбек ететін Серік Шәден.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші 1995 жылдан бастап тігін тігумен айналысып келе жатқан Серік Қазалы пайдалану вагон депосының төрт ауысымдағы қызметкеріне бетпердені тегін таратқан. Яғни 100-ге жуық маска тіккен. Қуантарлығы, өз әріптестерінің денсаулығы үшін алаңдаған ол, әрбір ұжымдастың отбасы аман болғаны осындай сәтте маңызды екенін тілге тиек етіп отыр.
–Қазір көп жерде медициналық бетперде табу қиындық тудыруда. Бағасы да шарықтап барады. Ел басына осындай қиындық түскенде халықпен бірге болып, қолымнан келетін кәсібіме кірісіп, бірге жұмыс жасайтын жігіттерді бетпердемен толық қамтамасыз еткенді жөн санадым, – деді Серік Сейдуллаұлы.
Шыны керек бүгінде бетперде мәселесі ауданда ғана емес, басқа да ірі қалалардың өзінде қолға түсе бермейтін тауарға айналған. Оған қоса бағасы күрт өсіп, 200 теңгеге, кей жерлерде 300 теңгеге дейін көтерілді. Десек те ел арасынан шын ықыласымен қолғабыс тигізгенді құп көрген Серік секілді абзал жандардың табылғаны көпті қуантады.
Отбасында бір қыз бен екі ұл тәрбиелеп отырған әке әуел бастан тігін машинасына деген ептілігінің арқасында оның оқуын оқымай-ақ, алғашқы күндерден-ақ меңгеріп әкеткен. Бастапқы да жұмыссыз жүріп, туған-туыстары мен көрші-көлемге бас киім тігіп беретін. Жыртылған сырт киімдерге өзгеріс енгізіп, жамап, қалыпқа келтіріп отырған. Сонан соң 2004 жылы теміржол бойына жұмысқа тұрып, тек қолы бос уақытында ғана тігін машинасын серік ететін.
Әріптестерінің ризашылығына бөленген Серікті №6 Қазалы пайдалану вагон депосының басшысы Арғын Орымбаев марапаттап, алғыс айтуды да ұмыт қалдырмады. Ол өз сөзінде қарамағында осындай еңбекқор жігіттердің болғанын мақтан тұтатынын жеткізді.
– Бүгінде бүкіл әлем елдері коронавирус індетімен күресіп жатқанда өзгелерге қамқор қолын созатын абзал азаматтың біздің ортамызда жүргені мақтаныш. Серік Шәденнің жұмыстан тыс уақытта вирустан қорғайтын медициналық бетперде тігіп, әріптестеріне тегін таратып бергенінің өзі оның жүрегі жұмсақ, көпшіліктің қамын күйттейтін абзал азамат екенінің дәлелі. Қазалы пайдалану депосының атынан осы бір кеңпейілді жігітке ризашылық білдіре отырып, отбасына аманшылық, еңбегіне табыс тілейміз, – деді Арғын Қайырбайұлы.
Серікпен оңаша қалғанда «Бетперде тігіп сатуды қолға алуға қалай қарайсыз?» деп сұрадық. Алайда ол арының жібермейтін айтып бақты.
– Масканы сатылымға шығару мүлдем ойыма келген емес. Ел басына түскен қасірет кезінде олай жасағанды ұят санадым. Қолдан келгенше ауысқандарын өзге де сұрағандарға тегін таратып бердім, – дейді теміржолшы азамат.
«Адам жақсылыққа өз еркімен бет бұрса ғана жақсы нәтиже шығара алады» демекші, айналасындағыларға шын ниетімен жанашыр пейіл танытқан Серіктің адамгершілігі өзгелерге үлгі емес пе?!
Абзал ЖОЛТЕРЕК
11 сәуір 2020 ж. 1 022 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 67

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930