Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Медициналық маска тапшы

Медициналық маска тапшы

Дәл осы сәтте “Covid-19” инфекциясының әлемдегі ахуалы көңіл қуантпайды. Індеттің ошағы Уханьда оң өзгеріс байқалғанымен енді тарап жатқан аумақтарда жағдай шиеленісіп тұр. Кеше белгілі болған ресми ақпарат бойынша Алматы қаласында Германиядан келген үш қазақстандықтың короновирус пандемиясын жұқтырғаны анықталды. Олардың осы кезге дейін қанша адамға індет жұқтырып үлгергені, оның республика аумағына тарап кету қаупі қазалылық тұрғындарды да алаңдатып отыр.
Орын алуы ғажап емес ахуалға байланысты елдің ірі қалаларында бетперде тапшылығы анық байқалады. Бір ғана Қазалының өзінде оннан астам дәріхана болғанымен кешелі бері сөрелері бетпердеден ада. Бұған дейін ҚР ДСМ «Дəрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының» бас директоры Арнұр Нұртаев осы мәселеге байланысты қиындық туғанын айтқан еді.
– Коронавируске байланысты дүрлігу салдарынан дәріханалық ұйымдар қауымдастығымен бірлесіп, бір адамға 10 дана маска ғана сатуды ұсынамыз. Бұл адамдардың мыңдап, он мыңдап маска алуына жол бермеу үшін жасалуда. Кейбір адамдар дәріханадан мүмкіндігінше мың дана маска алған. Денсаулық сақтау министрлігі көп маска сатуға тыйым сала алмайды. Біз тек дәріханалар желісіне ұсыным жасай аламыз. Олар да бұл мәселені шешуге тырысып жатыр», – деді ол тілшілерге берген сұхбатында. Бірақ дәріхана иелері бұл ұсынымға мән бермеген секілді.
Жұма күні аудан орталығы Әйтеке би кентіндегі дәріханалардың ешбірінде медициналық бетперде жоғын байқадық. Бұл жергілікті тұрғындардың сақтық шараларына білек сыбана кірісіп кеткенін көрсетсе керек. Кейбір тұрғындардың айтуынша, жұқпалы аурудан қорғайтын маска ауданда бірнеше күннен бері болмаған. Ондай қоры бар дәріханалар бағасын асқақтатып, он есеге дейін көтеріп жіберген жағдай да орын алған. Дәрі-дәрмек дүкенінің иелері бетперденің нақты қашан келетінін дөп басып айта алмай отыр. Бұны естіген тұрғындардың жай-күйі қандай екені айтпаса да түсінікті.
Енді ауданда төтенше жағдай бола қалғанда бұндағы ақ халаттылар түйіткілдің түйінін шеше ала ма деген сұраққа тоқталайық. Қазалыда бірнеше аумаққа бөлінген ауруханалар бар. Бірақ олардың әрқайсысы жеке дара жоспар құрып, дербес жұмыс жасайтынын ескерсек, эпидемиялық жағдай жарияланғанда өзіңіз тіркеуде тұрған дәрігерге ғана бара аласыз. Бұндай кезде бетпердені сізге сол аурухана мамандары береді. Бұл туралы ауданаралық орталық аурухананың бас дәрігері Гүлжихан Тасеменқызы айтып берді.
– Қазіргі таңда аудандық аурухана төтенше жағдайға дайын. Әлі де болса дәрігерлерді психологиялық, моральдік тұрғыдан жетілдіру үстіндеміз. Бұл жөнінен тұрғындардың алаңдауына еш негіз жоқ.
Аурухана қорында бүгінде 5 мың медициналық бетперде бар. Емделушілерге жетпей қалуының алдын алу мақсатында арнайы қордан тағы біразына тапсырыс беріп қойдық. Ол жақын арада бізге жетуі керек, – деді ол.
Қазалы ауданы бойынша 80 мыңға жуық тұрғын тіркелген. Олардың барлығына маска тауып беру оңай емесін түсінеміз. Алайда қоғамдық орындарда, жұма намазында немесе сауда орындарында қазірдің өзінде бетперде тағып келу керектігін айтуда. Сол себепті дәріхана иелері мүмкін жақында ғана облыста ашылған “Далатекс” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен немесе басқа зауыттардан ауданға бетперде әкелудің жолын табуы тиіс. Негізінде бұл тірлікті осы ахуал бойынша жауапты тұлғалар шешуі керек.
Десек те төтенше жағдай бола қалған жағдайда оның қаншалықты қауіпті екенін біле жүрген жөн. Осы күнге дейін ауру жұқтырғандар мен коронавирустан қайтыс болғандар санына мән берсек, өлім деңгейі 2,5-3 процентті құрағанын байқаймыз. Демек індет жұқтырған адамның күтінсе емделіп кететініне толық сенуге болады. Сондықтан соншалықты дүрлігуге негіз жоқ екенін естеріңізге саламыз.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
14 наурыз 2020 ж. 975 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930