Жалған ақпарат жарға жықпасын
Әлемде коронавирус індеті өршігелі бері ел ішінде алып-қашпа әңгіме көбейіп кетті. Соның ішінде әлеуметтік желі арқылы және біреуден-біреуге жеткен жалған ақпараттар күні бүгінге дейін жалғасын тауып жүр. Дүрбелең кезінде халық кімге сенерін білмей дал болып, дұрысы, бұрысы қайсы екеніне көз жеткізе алмауда. Тәжвирус алғаш таралғаннан-ақ жалған ақпараттың авторлары бірден көбейіп, өз жұмыстарына кірісіп те кетті. Осыған қатысты Елбасы тиісті шараларды қолға алып, қиын-қыстау кезеңде ел арасындағы жағдайды одан әрі ушықтырғандардың жазасыз қалмайтынын тілге тиек етті.
– Халық арасында үрей туғызбай, қоғамдық тәртіпті сақтау маңызды. Төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат пен арандатушылық жолын кесу жұмыстарын ерекше бақылауға алу керек. Мұндай мәліметтерді таратудың кез келген әрекетіне тыйым салынады, авторларды анықтау және жазалау қажет, – деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент пәрмен бергені сол-ақ екен халық арасынан бірсыпыра адамдар қолға түсіп, жазаланып та үлгерді. Анығында желеу әңгіме айтушылардың қандай жазаға тартылатынын білесіз бе? Айта кетейік, Қазақстанда жалған ақпарат таратқаны үшін 20 АЕК сомасындағы айыппұл төлеуден бастап, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза көзделген екен. Бір өсек таратамын деп жеті жылға қамауға алынғаннан гөрі, нақты ақпарат таратқанымыз артық емес пе?!
Шыны керек, бос әңгімелердің көбісі әлеуметтік желі арқылы жетіп отыр. Қылт етсе, іліп әкететін желөкпелер құдды бір вирустың шыққанын күтіп отырған іспетті. Уайымға салынған қара халықтың үрейін одан әрі ушықтыратын олар болмағанды болды қылып, айтпағанды айтты етеді. Соның салдарынан ақыр соңында опық жеп бармақ тістеп қалады. Сондықтан артынша өкінішке бой алдырмас бұрын алдын ала теріс жолға қадам баспаған дұрыс болары анық.
Президент берген тапсырмадан аудандағы полиция қызметкерлері де хабарсыз емес. Барлығын бақылауда ұстап отыр. Егер жергілікті жерде аталған жағдай орын алатын болса тиесілі шаралар көрілетінін айтты Қазалы ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, полиция майоры Еркебұлан Жүрсінбаев:
– Аудан көлемінде төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат таратқандар әзірге тіркеле қойған жоқ. Дегенмен алдағы уақытта мұндай мәліметтер қолға тиетін болса, дер кезінде тиісті жұмыстарды қолға аламыз. Нақтыласақ төтенше жағдай режимін бұзғандар үшін 476-бапта барлығы жік-жіктеп көрсетілген, – деді.
Вирустың күн санап артып келе жатқаны жұртшылықтың жүрегіндегі қорқыныш отын одан әрі өршітіп барады. Көпшілік індеттің келмегенін тілеп, айналасындағылардың амандығын ойлап отыр. Бастапқыда барлығы жеңіл көрінгенімен артынша ауыр хәлді басынан өткеріп жатқан қандастар санының көбейгені тұрғындарды сарыуайымға салынуда. Осы тұста өтірік мәліметті жая салатындар түйткілдің түйінін тарқатуды қиындатып тұр. Сондықтан әлеуметтік желі арқылы және біреуден естіген ақпаратқа бейжайлық танытып, оны өзгелерге таратпастан бұрын нақты мәлімет екеніне көз жеткізген мақұл.

Абзал ЖОЛТЕРЕК