Базар бағасы бақылауда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстанның барлық аумағында төтенше жағдай енгізілді. Осыған орай аудандағы қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығы үшін азық-түліктің қажетті қорымен қамтамасыз ету және бағаның күрт өсуіне жол бермеу мақсатында аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі тарапынан бақылау орнатылған.
Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлан Аманбайдың айтуынша, ірі сауда желілері мен көтерме тасымалдаушылар өтпелі кезеңде бірлесе жұмыс атқарудың тиімді жолдарын қарастыруда.
Бүгінде тұрғындардың күнделікті тұтынатын 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының қажетті көлемі анықталды. “Айнұр”, “Фея-Перизат”, “Ай Арыс”, “Назерке”, “Несібе”, “Арзан”, “Нұрлан”, “Нұр” сауда орындарындағы өнім түрінің қоры туралы уақытылы мәлімет алынып отыр. Көтерме тасымалдаушылар арқылы күн сайын 4-5 “КамАЗ” көліктерімен тиісті заттар кідіріссіз тасымалданып отыр.
Ал облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәлімдеуінше, облыстық тұрақтандыру қорында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің негізгі түрлері бойынша екі айлық қоры бар екендігі айтылды.
Қазақстан бойынша енгізіліп отырған төтенше жағдайға байланысты облыс әкімінің осы жылдың 17 наурызында арнайы қаулысы шықты. Соған сәйкес өңірде азық-түлік тауарларының жетіспеушілігін болдырмау бағытында, өңірлік тұрақтандыру қорларын қажеттілікке сай толықтыруды қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен шұғыл шығындарға қаралған жергілікті атқарушы органның резервінен 105,8 миллион теңге бөлінді.
– Өткен аптаның соңында (17-19 наурыз аралығында) тұрғындар тарапынан сауда орындарында азық-түлік өнімдерін мол көлемде жаппай сатып алу жағдайы орын алды. Соның салдарынан оның қоры күрт азайып кеткені шындық. Дегенмен көтерме тасымалдаушылар арқылы тиісті шаралар қабылданды. Нәтижесінде орын алған олқылық қалпына келтірілді. Сол аралықта 7 өнімнің бағасы көтеріліп кетті. Атап айтқанда, бірінші сортты бидай ұны 200-300 теңгеге, құмшекер, құс еті, жуа, сәбіз, қырыққабат 20 және картоп 10 теңгеге өсті. Ал өзге өнімдердің бағасы тұрақты.
Халықты азық-түлікпен тұрақты қамтамасыз ету және бағаның жоғарылауына жол бермеу мақсатында Қызылордадағы «Ажар Сити» сауда үйінің басшылығымен келісіліп, ауданда әлеуметтік дүкен және наубайхана ашуға Әйтеке би кентінен екі ғимарат жалға алынды. Әлеуметтік дүкен жақын арада іске қосылса Қызылорда қаласынан күнделікті 1000-1500 дана нанды 65 теңгеден әкелуге мүмкіндік туады. Наубайхана сәуір айының соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлануда, – дейді бөлім басшысы Н.Аманбай.
Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі облыстық тұрақтандыру қорымен бірлесе тұрғындарға төмен бағамен азық-түлік өнімдерін көлік үстінде сатуды ұйымдастырмақ. Жоғарыда айтылған жағдайларға байланысты бөлім мамандарымен талдау жасалып, баға мөлшерінің қалыпты және тауардың жеткілікті болуы қамтамасыз етіледі.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА