Базар бағасы алаңдатады
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру бағытында ауданда біршама шаралар атқарылды. Арнайы штаб құрылып, тиісті жұмыстар іске асырылуда. Қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығына кері әсерін тигізбеу мақсатында қымбаттаған азық-түлік тауарларының бағасына талдау жүргізіліп, оны тұрақтандыруға байланысты тиісті шара қабылданды.
Осыған орай аудандағы азық-түлік өнімдерінің көтерме тасымалдаушыларымен ірі сауда желілерінде өнімдердің толымдылығын қамтамасыз ету және баға өсірмеу жөнінде келісіліп, тиісті сала маманымен үнемі қадағаланып келеді. Осы жылдың қараша мен желтоқсан аралығында негізгі азық-түлік өнімдерінің бағасына бақылау жүргізілді. Нәтижесінде әлеуметтік маңызға ие, негізгі азық-түлік өнімдерінің 5 түрі бойынша баға жоғарылағаны анықталды. Олар: сыртқы сұраныстың ұлғаюына байланысты күріш 5 теңге, қарақұмық жармасы 90 теңге, өнімдердің сырттан тасымалдануы салдарынан сиыр еті 50 теңге, ішкі және сыртқы нарықта сұраныстың ұлғаюына орай тауық еті 10 теңге, көтерме тасымалдаушылардың бағаны көтеруі әсерінен тауық жұмыртқасы 30 теңге қымбаттады. Ал қырыққабат, жуа, картоп және қант бағалары 5-20 теңгеге төмендеген.
Сондай-ақ Қызылорда облысы әкімдігінің «2019 жылға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін белгілеу туралы» қаулысына сәйкес 19 азық-түлік өнімі бағаларына мониторинг жасалды. Оның қорытындысы бойынша төртінші тоқсанда тоғыз тауардың бағасы облыста белгіленген шекті мәнінен жоғары болып отыр.
Атап айтқанда, күріш 25%, 1-ші сортты ұн 11,4%, қарақұмық жармасы 17,6%, нан 12,9%, сиыр еті 11,5%, қырыққабат 12,5%, басты пияз 29,6%, сәбіз 20,5%, картоп 34,9%. Аталған тауар бағасының белгіленген нарықтан жоғарылау себебі ақталған күріш пен қарақұмық өндіріп, өңдеуге жұмсалатын шығындардың (жанар-жағармай, қосалқы бөлшектер, тыңайтқыш, гербицид, техникалар, коммуналдық қызметтер) жыл сайын өсуіне сәйкес сондай-ақ, өнім қорының азайып, шекаралас мемлекеттерде тұтыну көлемінің жоғарылауы мен бағасының көтерілуі салдарынан болуда.
2019 жылы астық өсіруші өңірлерде орын алған құрғақшылықтан бидай түсімі төмен әрі жиналатын астық көлемі азайып, есесіне экспорт үлесі ұлғайды. Осылайша астық бағасының қымбаттауы бидай ұны мен нан бағасының айтарлықтай жоғарылауына әсер етуде.
Ал, сегіз тауардың бағасы белгіленген шекті мәнінен төмендеген. Олар: рожки, айран, сүзбе, тауық жұмыртқасы, сары май, күнбағыс майы, құмшекер және ас тұзы.
Сүт 210 және тауық еті 755 теңгеден босатылып, белгіленген нарықты ұстауға қол жеткізілді.
Мамыр айының екінші онкүндігінен бастап Өзбекстанға ірі қара малының жаппай экспортталып, жатқандықтан ет бағасы да шарықтады. Айта кету керек, осы жылы Өзбекстан Республикасының Үкіметі мал шаруашылығын дамыту бағытында халыққа сыйақысыз несиелер беру арқылы жаңа жобаларды жүргізіп отыр. Қырыққабат, пияз, асханалық сәбіз және картоп бағасы өнімдердің сырттан тасымалдануынан жоғарылады.

Аудан орталығындағы сауда орындарында бірінші сортты бидай ұнынан жасалған нанның бағасы 1 қазаннан бастап 60 теңгеден 65 теңгеге көтерілсе, 11 қазаннан бері 75-80 теңгеден сатылуда. Осы аралықта коммерциялық ұнның әр қабы 6000 теңгеден 7000 теңгеге көтерілді. Қазір осы ұнның бағасы 7000-7200 теңге болып отыр.
Ауданда әлеуметтік нан бағасын тұрақтандыру мақсатында наубайханаларды «Қызылорда өңірлік тұрақтандыру қоры» арқылы арзандатылған ұнмен қамтамасыз ету шаралары ұйымдастырылды. Жыл басынан бері барлығы 247 тонна ұн жеткізіліп, жергілікті наубайханаларға таратылды. Бүгінде наубайханаларда әлеуметтік ұн қоры 34 тоннаны құрайды.
Өңірімізде азық-түлік өнімдерінің бағаларын тұрақтандыру бағытында облыс әкімі бекіткен кестеге сай, аудандағы ауыл шаруашылығы құрылымдары мен кәсіпкерлердің қатысуымен 17 рет ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді. Мұнда 594 тонна ауылшаруашылығы өнімі шығарылып, нарық бағасынан 10-15 процент төмен сатылды.
Жәрмеңкеге жергілікті тауар өндірушілер, «Сыр Маржаны», «Агро-Өркен», «Рза-Агро», «Рза-Сүт», «Рза-Нан», «Сәт», «СПК Қызылорда балық» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, «Жеңіс» шаруа қожалығы, ЖК «Т. Игіліков» және «Қазалы кәмпиті» мен басқа да аудан кәсіпкерлері өз үлестерін қосты. Олар күріш, ет, сүт, балық, кондитерлік өнімдер мен картоп, көкөніс және бақша өнімдерін шығарды.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА