Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда ең жоғары жалақыны кім алады?

Қазақстанда ең жоғары жалақыны кім алады?

Статистика комитеті 2019 жылғы ІІІ тоқсандағы көрсеткіштерді жариялады
2019 жылғы үшінші тоқсанда бір қызметкердің орташа атаулы айлық еңбекақысы 191 129 теңгені құрады, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ Статистика комитеті.
Ең жоғары еңбекақыны қаржы және сақтандыру салаларының қызметкерлері алады екен: айына – 484,6 мың теңге (республикадағы орташа айлықтан 2,5 есе көп).
Кен өндіру өнеркәсібі және карьер қазумен айналысатындар айына 418,0 мың теңге (2,2 есе жоғары), кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте жүргендер – 334,1 мың теңге (1,7 есе көп) еңбекақы алса, құрылыс саласының мамандарының еңбекақысы 257,7 мың теңге айналасында. Ең төменгі еңбекақыны білім беру саласының мамандары алады, орташа есеппен, айына –122,1 мың теңге, бұл республикадағы орташа жалақыдан 36,1 пайызға төмен.
Өңірлер бойынша қарастырсақ, ең жоғарғы еңбекақы Атырау облысында тіркелген – 361,5 мың теңге, бұл республикалық орташа көрсеткіштен, шамамен, 1,9 есе көп. Ал Түркістан облысында орта айлық еңбекақы 122,8 мың теңге көлемінде қалыптасқан, бұл ел бойынша орташа деңгейден 35,8%-ға төмен.
Атаулы еңбекақы индексі өткен жылдың тиісті тоқсанына қатысты 118,1%, ал нақты еңбекақы индексі 112,0% құраған....
kursiv.kz

05 қараша 2019 ж. 948 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930