Елімізде ең жоғары жалақыны кімдер алады?

Ведомствоның мәліметінше, 2019 жылдың екінші тоқсанында бір қызметкердің орташа жалақысы 186 537 теңге болды. Салалық құрылымда ең жоғары жалақы қаржы және сақтандыру қызметінде - 458 000 теңге, кен өндіру өнеркәсібінде және кен шығарылатын орында - 387 300 теңге, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет саласында - 315 100 теңге, ақпарат және байланыс саласында - 274 800 теңге, құрылыс саласында - 233 000 теңге болды. Атаулы жалақының ең төмен деңгейі ауыл, орман және балық шаруашылығында - 112 900 теңге, бұл республика бойынша орташа көрсеткіштен 39,5 пайызға төмен. Өңірлерде ең жоғары жалақы Атырау облысында белгіленді - 325 000 теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен 1,7 есе артық. Жамбыл облысында оның көлемі 126 500 теңгені көрсетті, бұл ел бойынша орташа деңгейден 32,2 пайызға төмен.