Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шаншу қадалғанда не істеу керек?

Шаншу қадалғанда не істеу керек?

Шаншу қадалу – жүйке талшығына суық тию деген сөз. Терлеп отырып сыртқа шығып кету, жел өтінде тұрып қалған адамдарда аз уақыттың ішінде шаншу жабыса кетеді. Осыған сәйкес халқымыз «Ауруда – шаншу жаман, сөзде – қаңқу жаман» деп дөп тауып айтқан. Ал емшілеріміз барлық ауру төрт себептен: ыстық, суық, жел, жел-құздан болады деп бөлген. Ет пен сүйектің, буынның арасына жиналған суық ең алдымен шаншып адамға белгі береді. Осы кезеңде бірден суықты денеден шығаруға мән беру қажет. Себебі ұзақ уақытқа денеде қалып қойған суық адамның ең әлсіз дене мүшесінің бірін ауру етуі мүмкін. Ендеше шаншуды үйде емдеудің тәсілдерімен таныса отырыңыздар.

Шаншу қатты қадалғанда адам тіпті дем ала алмай қалады. Жай ғана күнделікті жасап жүрген қарапайым әрекеттерді орындаудың өзі қиынға соғып, әбден мазасы қашады. Арқа, бел тұсында басталған ауру сезімі қабырға астына, мықын, санның ішкі бетіне қарай таралады. Шаншудың қай тұстан үздіксіз шаншылғанына қарай адам бүкірейіп, еңкейіп немесе артқа қарай шалқайып қалады. Отырса тұра алмай, тұрса отыра алмай қиналған науқас тез арада ем шараларына кірісу қажет.

Үй жағдайында жасалатын ем түрлері:

Ара балы
Бал – суықты ең жақсы әрі тез кетіреді. Оны ыстық шайға салып ішу арқылы денедегі суықтан арылуға болады. Сонымен қатар денеге балды сіңіріп жаға отырып массаж жасау арқылы тез сауығуға болады.

Лимон
Денедегі суықты шығару үшін лимон қосып ішкен шайдың пайдасы зор. Тек ол үшін жылы киім киіп, бойдағы суықты терлеу арқылы шығару қажет.

Йод
Шаншу шаншып тұрған жерді йодпен торлау керек. Сонымен қатар қойдың майын жағу арқылы да дерттен айығуға болады.

Спирт
Ауырып тұрған жеріңізді 40 проценттік спиртпен сүртіп, сүлгі қойып, жылы жатсаңыз оң нәтижесін көресіз.

Лоңқа (банка) қою
Арқаңызға лоңқа (банка) қоятын көршілеріңіз немесе туыстарыңыз болса ол да артық етпейді. Ол ауырсынуды басып, қан жүргізеді және денедегі суықты алып, дене қуатын арттырады. Шаншу жиі ұстап ауыратын науқастар осы ем түріне көп жүгінеді. Алайда денеге лоңқа (банка) қоюдың өзіндік емдік тәсілдері, ережесі бар. Мәселен, лоңқа төңкергеннен кейін жуынуға және 10 минуттан артық уақыт ұстауға болмайды. Сонымен қатар бір жерге қайталап қою да денсаулыққа кері әсер етеді. Сол себепті бұл емнің түрін дәрігермен кеңесе отырып жасаған дұрыс.

Қыша қағазын қою (горчищник)
Қыша қағазын қою арқылы ем жасауға да болады. Тек нұсқаулықпен алдымен дұрыстап танысу қажет. Сонымен қатар дәріханалардан қыздырғыш жақпа майларды алып нұсқаулық бойынша қолдансаңыз да артық етпейді.
Осы секілді үйде емделер болсаңыз, барынша өзіңізге күтім жасап, денеңізді жылы ұстаңыз. Қайта суықтап қалмауға тырысыңыз.
02 шілде 2019 ж. 2 765 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930