Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сәресі асы - қандай тағамдарға рұқсат етілген?

Сәресі асы - қандай тағамдарға рұқсат етілген?

Ораза ұстаған әрбір жан мұны білуі тиіс. Сәресі ішу маңызды. Өйткені хадистерде «Расулуллаһ (с.а.с.) айтады: Аллаһ Тағала және оның періштелері сәресі ішкендерге игілік тілейді» - делінген.

Сондықтан да сәресі уақытында ұйқыны қиып, сауабын алуға асығыңыз. Алайда иігілі мен берекесі мол сәресі асына не ішуге рұқсат етілгенін білесіз бе? Жалпы, Рамазан айында тек денсаулыққа пайдалы тағамдарды тұтынған абзал. Сонымен қатар, балғын жеміс-жидектер де адамға сергектік сыйлап, ағзасын дәруменмен байытады. Ал, ауызашарда құрма жеген дұрыс. Құран аяттарында құрманың адамзатқа берілген сый екендігі бірнеше рет айтылған. Пайғамбарымыз (с.а.с.) құрма мен сүтті адам үшін ең жақсы тағам деп санаған. Сол себепті де сәресі мен ауызашар дәмінде осы тағамдардың болғаны абзал. Ендеше, сәресіге ұсынуға болатын дәруменге бай мынадай ботқа пен пайдалы құймақты пісіріп көріңіз.

Күріш пен тары қосылған ботқа
Қажетті өнімдер:
150 гр. күріш 150 гр. тары 500 мл су 400 мл сүт 0,5 шай қасық тұз 1 шай қасық қант.
Дайындалуы:
Алдымен тары мен күрішті бөлек-бөлек ыдысқа салып, тазалап жуып аламыз. Содан соң күрішті кастрөлге салып, 500 мл суды құйып қайнатамыз. Күріш жартылай дайын болған уақытта қайнап тұрған сүтті құйып, бір қайнатып алып, тарыны салуға болады. Ботқаны үнемі қозғап отырып, отты барынша басып қайнатасыз. Енді тұз бен қантты салып, жақсылап араластырып, бетін жауып қойыңыз. Осы аралықта ботқа да дайын болады. Дайын ботқаны бетіне 1 шай қасық сары май салып жей беруге болады. Тәттіні тым көп қоспаңыз. Себебі, қантты көп жегеннен күні бойы шөлдеп жүруіңіз мүмкін.
Ауызашарға дейін шөл қыспас үшін ботқаға 1 шай қасық қант қосқан жеткілікті.

Сәресі құймағы
Қажетті өнімдер:
100 гр. сұлы жармасы 50 гр. мейіз 1 дана банан 1 ас қасық өсімдік майы 0,5 шай қасық қамыр қопсытқыш 3 ас қасық ұн 1 шым-шым тұз. Дайындалуы:
Сұлы жармасын табаққа салып, 200 мл қайнаған су құйып, бетін жауып қойыңыз. Сонымен қатар, мейізді де жуып, 15-20 минут қайнаған суға салып қою қажет. Енді қалған қоспаларды дайындайық. Ол үшін ұнға қамыр қопсытқыш пен тұз қосып, араластырамыз. Құймақ мәзірінде қант жоқ. Оның орнына банан мен мейіз қосылады. Егер құймақтың тәтті болғанын қаласаңыз, 1 ас қасық қант қосыңыз. Сұлы жармасының суын төгіп, оған дөңгелектеп туралған бананды саламыз. Бананды езіп, жақсылап араластыру керек. Сосын сұлы мен банан араласпасын ұн араласпасына қосамыз. Өсімдік майы мен мейізді де салып жібереміз. Барлығын қасықпен жақсылап араластырып, 10 минуттай қоя тұрамыз. Құймақтарды майланған табаға 1 ас қасықтан жұқалап салып, пісіреміз. Бірақ та мұндай құймақтарды отта көбірек ұстаған дұрыс. Қызарып піскенше табадан алуға асықпаңыз.
Дайын құймақтарды балмен, тосаппен ұсынуға болады. Сәресі уақытына құймақ дайын тұрсын десеңіз, ұйқыға жатарда осылайша пісіріп қоюға болады.
ernur.kz

27 мамыр 2019 ж. 2 752 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 59

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930