Ауызашар берген адам ораза ұстаған адаммен бірдей сауап жинай ма?
Ауыз ашар беру өте маңызы зор сауапты істің бірі. Жолда кетіп бара жатып, кез келген аузы берік адамға бір дана құрма немесе кепкен құрма ол болмаса сумен болсада ауыз ашар беру сауапқа кенелетін жақсы амал.
Пайғамбарымыз (с.а.у): «Кімде – кім бұл айда аузы берік бір адамға ауыз ашар берсе күнәлары кешіріледі. Сол аузы берік адамның сауабындай сауап оғанда беріледі» дегенде Сахабалардың кейбірі аузы берік бір адамға да ауыз ашар беретіндей жағдайы жоқ екендіктерін айтты. Оларға Пайғамбарымыз (с.а.у) былай деп жауап берді: «Бір дана құрмамен де ауыз ашар бергенге де, тек сумен ғана оразасын аштырғанға да, кішкене сүт бергенге де осы сауап жазылады», деп жазады taglym.kz.
“Еркін” мешітінің бас имамы Аман Медетбековтың айтуынша, кімде-кім қасиетті рамазан айын құрметтеп, бір мұсылманның ауызын аштырса, Аллаһ Тағала оның Сырат көпірінен өтуін жеңілдетеді.
Хадисте: «Рамазанда бір қонаққа ауыз ашар берген адамға Сырат көпірінен өту оңай болады" делінген. Рамазан айыннан тыс айларда ас беріп жатады әрине оның да сауабы барады Аллаһ қаласы, ал Рамазан айында ауыз ашар жасап ас беру үлкен сауапты іс.
Пайғамбарымыз (с.а.у) бір хадисінде: «Рамазан айында аузы берік адамға су беріп, аузын аштырған адам, анасынан жаңа туылғандай күнәсіз болады» дегенде, Сахабалар "Суға тапшылық болған кезде ме?" деп сұрады.
Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у) оларға «Қаласа өзен жағасында берсін, бәрібір» деп жауап берді. Ас беруді нығмет деп білу керек. Бір хадисте былай делінеді: «Амалдардың ең құндысы – бір мұсылманның айыбын жабу, қарнын тойдыру және мұқтаждығын беру арқылы оны қуанту».
Осы ас беру жайлы Имам Ғазали айтқан екен «Аллаһ Тағала тамақ жегізген жомарт құлымен періштелеріне мақтанады екен. Табараниде келген хадисте үйге келген қонаққа құрмет көрсетіп ас беру саупты іс «Қонақ дастарханға отырғанша, періштелер үй иесіне дұға етеді.
Құранда аят келгендей «жақсылыққа жарысыңдар» демекші Пайғамбарымыз (с.а.у) хадисінде «Жәннатта сондай зәулім сарайлар бар, бұлар жылы сөйлейтін, тамақ жегізетін және барлық адам ұйқыда болғанда намаз оқитындар үшін» Аллаһ барлығымызға разы болған күйде жәннатына кіруді нәсіп етсін.
«Досына, оның жақсы көретін тамағын әперген адамның күнәлары кешіріледі. Дос – жарандарға тамақ беру садақа беруден абзал болады. Хазіреті Әли (р.а.): «Достарға жегізген бір наным, кедейлерге берген бес нанымнан құнды. Достармен желінген тамақ, құл азат етуден де абзал» деген.
«Ол мені тамаққа шақырмайды, мен оны неге шақырамын деп айту дұрыс болмайды бұлай істеу мұсылманға жат қылық. Қазақ атамыз «Таспен атқанды аспен ат» дегендей қайта кішіпейіл болып сіздікі дұрыс болсада құрметті сіз көрсетіңіз бұл мұсылманның жақсы сипатының бірі.
Әрине, күнә істелінетін жерге тамаққа шақырса, бармау керек. Кедейлердің шақырғанына бармай, бақуатты адамдардың тамағына бару – тәкаппарлықтың белгісі, өзінен төмен отбасылардың үйлеріне бару - қарапайымдылықтың белгісі.
Ал кейде үйлену асына шақырып жатады оған бару сүннет, басқа шақыруларға бару мүстахаб болады. Кейбір ғалымдар үйлену асына бару уәжіб, басқа шақыруларға бару сүннет деп те білдірген.
Мұсылманның мұсылманға міндетті болған бес ақысының біреуі - шақыруына баруы болып табылады. Хадисте келгендей «Шақырған жерге барыңдар» делінген (Муслим).
Рамазанның санаулы күндерінде сауапты істерге жарысайық ұстаған оразаларың қабыл болсын, Аллаһ Тағала баршамызға екі дүниенің бақытын берсін. Әмин!